2021 жылдың 24-қарашада М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Қалитова Жұлдыз Кентайқызының озық іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мұғалім сабақтарында заманауи ақпараттық технологияларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. 

М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында оқушылардың патриоттық сезімін, тарихи ұлттық құндылықтарын дамыту мен мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу мақсатында гимназияда «Тәуелсіздік. Тұлға. Тарих» тақырыбында тарих пәні бірлестігінің апталығы өтті.

М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияда 01.02-11.02 жұлдызы аралығында “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік  өткізілді.

Декада аясында  мектепшілік алғашқы «Гимназия үні» газеті жарық көрді. Тырнақ алды туындының алғашқы санына 1-4 сынып оқушыларының  шығармашылық жұмыстары мен ыстық лебіздері жарияланды.