2021 жылдың 24-қарашада М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Қалитова Жұлдыз Кентайқызының озық іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мұғалім сабақтарында заманауи ақпараттық технологияларды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіби қызметте заманауи цифрлық құралдар мен сервистерді қолдану саласындағы құзыреттерінің деңгейін арттыру.
Шара барысында оқу презентациялары мен инфографиканы құруға арналған Canva, Powtoon, Piktochart секілді ресурстар таныстырылды. Мұғалімдер анимациялық презентация, буклеттер, логотиптер, диаграммалар құруды практика жүзінде қолдануды үйренді.
Тест жауаптарын тез тексеруге мүмкіндік беретін ZipGrade қосымшасы үйретілді. Мұғалімдер Play Маркеттен ZipGrade қосымшасын жүктеп, тест жауаптарын тексеруді іс-жүзінде көз жеткізді.
Сабақ процесінде QR-кодтың қолданылуы көрсетілді. QR-кодтың көмегімен кез-келген ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, телефон нөмірін, сайттың сілтемелерін немесе визиттық карточканы. Семинарға қатысушылар интернетте орналасқан ақпараттың сілтемесін http://qrcoder.ru сайтына қойып, суреттің QR –кодын алуды үйренді.
Кері байланыс алуға арналған Mentimeter.com, Padlet.com онлайн қызметтері таныстырылып, қатысушылар семинардан үйренген әсерлерімен бөлісті.