5-қазан Ұстаздар күніне орай білім алушылардың қатысуымен «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты мерекелік кеші өткізілді.
Мақсаты:
оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту, ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу көзделді.

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 30 -тамыз Концтитуция күніне орай «Ата заң-тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Снимок_экрана_2024-08-29_123341.png   Снимок_экрана_2024-08-29_123424.png

Жазғы каникулдағы жарқын естеліктері

 

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 30 -тамыз Концтитуция күніне орай педагогтар арасында “ҚР Конституциясы туралы не білесіз?” тақырыбында блиц-сауалнамасы өткізілді.

Снимок_экрана_2024-08-29_123158.png      Снимок_экрана_2024-08-29_123109.png

 

15 мамыр күні Ақтөбе облыстық әдістемілік орталықтың ұйымдастыруымен М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясында “Дебат клубы және оқушыларды дебат арқылы жетістікке жетелеу” тақырыбында Снасапин Темірлан Бірімбетұлының шығармашылық есебі өтті.

Семинарға облыс пен қала мектептерінен 20 мұғалім қатысты. Семинар барысында Темірлан Бірімбетұлы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қалай жетістікке толы мұғалім болудың құпиясымен бөлісті.

Семинар барысында “Риторика” МПА-ның мүшелері көрсетілім ойын көрсетіп, семинар қатысушыларының ыстық ықыласына бөленді.

 

 

 

 

 

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Достық” жазғы ойын алаңында оқушылармен бірге спорттық ойындар ұйымдастырылды.

 

 

 

12- мамыр аналар күні мерекесіне орай 1-сынып аналары арасында “Анамен өмір әдемі” тақырыбында әдемі кездесу отырысы өтті. 5-10сыныптар арасында “Менің анам”, ”Алтын алам-анам” тақырыбында шығармалар жазылды. Аналардың адам өміріндегі рөлі, алар орны туралы әңгімелер қозғалды. Әлемдегі барша аналарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Отбастарыңызға амандық, әйел бақытын тілейміз!

 

 

 

12- мамыр аналар күні мерекесіне орай оқушылар арасында “Анам- өмірімнің гүлі”, “ Ана - бақыт шырағы” тақырыптарында сынып сағаттары өтіп, оқушылар қолымен әсем суреттер салынды. Әлемдегі барша аналарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Отбастарыңызға амандық, әйел бақытын тілейміз!

Снимок_экрана_2024-08-08_151832.png

 

 

12- мамыр аналар күні мерекесіне орай 1-сынып аналары арасында “Анамен өмір әдемі” тақырыбында әдемі кездесу отырысы өтті. Аналардың адам өміріндегі рөлі, алар орны туралы әңгімелер қозғалды. Әлемдегі барша аналарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Отбастарыңызға амандық, әйел бақытын тілейміз!

Снимок_экрана_2024-08-08_151353.png

 

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы ағымдағы жылдың 23 мамырында «Адал азамат» концепциясы аясында Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның оқушыларымен кездесіп, ауқымды мәселелерге құқықтық ағарту жұмысын жүргізді.

Өкіл өскелең ұрпаққа патриотизм, әділдік, кәсіпқойлық, үнемшілдік, еңбекқорлық, өз елі мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты қасиеттерді дарытумен қатар, құқық бұзушылық, суицид, буллинг сияқты келеңсіз құбылыстарды болдырмау, адамның қадір-қасиеті мен бостандықтарын қорғаудың маңыздылығы сияқты тақырыптарға тоқталды.

Мектеп оқушылары аталған тақырыптардағы өздерінің жоғары танымдарын көрсетіп, Өкілге сұрақтарын қойды, тұшымды пікірлерін айтты.

 

 

 

“Бала шақтан - болашаққа” жол алмақшы бүгінгі #32 гимназияның 11”Ә”сынып түлектері “Түлектер апталығы” аясында бастауыш сыныпта білім беріп, алғаш қалам ұстатқан ұстазына, алғаш отырған өз партасына барып отырып келді. Ұстаз тілегі, шәкірт лебізімен ұштасқан кездесу өте керемет, әсерлі өтті. “Жаңа Қазақстанның жаңа түлектеріне” сәттілік, ақ жол тілейміз!

 

 

“Бала шақтан - болашаққа” жол алмақшы бүгінгі гимназия түлектері 11”Б” сынып оқушылары “Түлектер апталығы” аясында бастауыш сыныпта білім беріп, алғаш қалам ұстатқан Марал апай ұстазына, алғаш отырған өз партасына барып отырып келді. Ұстаз тілегі, шәкірт лебізімен ұштасқан кездесу өте керемет, әсерлі өтті. “Жаңа Қазақстанның жаңа түлектеріне” сәттілік, ақ жол тілейміз!

 

 

 

Түлектер апталығы аясында 11”А”класс оқушылары бастауыш сыныпта білім берген алғашқы ұстазымен кездесу өткізді. Түлектер бүлдіршіндерге тілектерін айтып, тәттілер сыйлады. Ал

2”А”сынып оқушылары түлектерге арнап тақпақтар оқыды. Алғашқы ұстазы Айнұр Әбдімүнәпқызыкездесу соңында шәкірттерге болашақта барлық арман-мақсаттарына жету жолында сәт сапар тіледі. Кездесу өте әсерлі өтті.

 

 

 

2024 жылдың 21 мамыр күні М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының 10 “Ә” сыныбы биылғы “ЖАС ТҮЛЕК-2024” атанып отырған 11 “Ә” сыныбына сәттілік тілей отыра, ізгі ниет, ақ көңіл, ыстық ықыластарын білдірді. Алдағы келе жатырған үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан сүрінбей өтуге, тек алға ұмтылуға тілекші екендерін айта отырып, жадыларында тәтті естеліктер қалсын деп тәтті торттарын ұсынды, есте қаларлықтай сыйлықтарын табыстады. Бұл дәстүр одан әрі жалғасын табуға, жас түлектердің ізбасарлары екенін керемет тілектермен жеткізе білді, “Бір үйдің баласындай” тату екендерін әуезді әнмен шырқады.

Жас түлектерге СӘТ САПАР.

Болашақтарыңыз жарқын болсын!

 

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының 10 “В” сыныбы биылғы “ЖАС ТҮЛЕК-2024” атанып отырған 11 “В” сыныбына сәттілік тілей отыра, ізгі ниет, ақ көңіл, ыстық ықыластарын білдірді. Алдағы келе жатырған үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан сүрінбей өтуге, тек алға ұмтылуға тілекші екендерін айта отырып, жадыларында тәтті естеліктер қалсын деп тәтті торттарын ұсынды, есте қаларлықтай сыйлықтарын табыстады. Бұл дәстүр одан әрі жалғасын табуға, жас түлектердің ізбасарлары екенін керемет тілектермен жеткізе білді, “Бір үйдің баласындай” тату екендерін әуезді әнмен шырқады.

 

Ақтөбе облысының тұрғындары және қонақтары! Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

1) Балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдыруға.

2) Бейтаныс, суға түсуге жабдықталмаған орындарда суға түсуге;

3) алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға;

4) жүзу шектерін белгілейтін қалтқылардан тыс жүзуге;

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

6) демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты жағалауда қалдыруға тыйым салынады.

Аталған бұзушылықтар анықталған жағдайда жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз.

Қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда оқыс оқиғалардың алдын-аламыз!

 

 

 

Гимназияда ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:

✅2023-2024оқу жылының аяқталуы туралы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ақша жинауға тыйым салу

“Білімім Отаныма” оқу бітіру іс-шараларын өткізу тұжырымдамасымен таныстыру.

✅ 9,11 сыныптардың қортынды аттестациясы. Емтихан туралы.

✅ Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.

Снимок_экрана_2024-08-02_100213.png

 

 

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Бақытты балалық шағым” атты тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.

Құрметті балалар, ата — аналар! Сіздерді бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!

Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.

Бұл мереке 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді.

Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.

Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.

 

 Снимок_экрана_2024-08-01_135902.pngСнимок_экрана_2024-08-01_135928.png

 

🏆Ақтөбелік полицейлер балаларға «Көңілді старт» эстафетасын өткізді

✨1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты және жас өрендердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 31 мамырда Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері «Динамо» ДШСҚ Ақтөбе филиалының қолдауымен балалар үшін «Көңілді старт» атты қызықты эстафеталық ойындардан тұратын конкурс ұйымдастырды.

Шара Ақтөбе қаласында орналасқан триатлон-паркінде өтті. Конкурс барысында 9-13 жас аралығындағы балалар, оның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан өрендер 5 командаға бөлініп, өздерінің спорттық шеберлігін, жылдамдықтары мен қырағылықтарын сынға салды.

Жүгіру, секіру, доп лақтыру түріндегі спорттық ойындармен қатар, асық ату, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындарды да қамтыған эстафета аса көңілді және тартысты өтіп, нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға грамоталар мен алғысхаттар, медальдар, тәттілер мен сыйлықтар табысталды.

“Әр адам жанымызда біздің көмегіміз бен назарымызды қажет ететін балалар тұратынын есте ұстауы керек. Акцияның басты міндеті балаларға әрбір арман орындалуы мүмкін екенін, ең бастысы ғажайыпқа сену”, - деп есептейді ТжКЖБ бастығы Алтыншаш Жасанова.

Сонымен қатар, шара барысында полицейлер балаларға салауатты өмір салтын сақтау, есірткінің зияны туралы түсіндіріп, олардың назарына қызметтік иттермен көріністерді ұсынды, сондай-ақ, балақайлар үшін аниматорлар өнер көрсетті.

Шара соңында тәртіп сақшылары балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында оларды Ақтөбе қаласында орналасқан «Керуен Сити» сауда-ойын-сауық орталығына фильм көруге апарды.

 

 

 

 

 

“Мамыр- Ынтымақ айы” аясында

“Каникулда кітап оқимыз” буккроссингі

Мақсаты:

Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға деген ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 14 маусым күні 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі өтті...Бұл 11 жыл жинаған білімдерінің көрсеткіші және дәлелі болатын аттестатқа қол жеткізген күні! 11 сынып бойынша 94 түлек бітірді.Оның ішінде 5 оқушы алтын белгі иегері болса, 4 оқушы үздік аттестатпен марапатталды.

Оқушы өміріндегі ең маңызды кезең мектеппен қоштасу десек, соның ішінде аттестат тапсыру шарасы үлкен өмірге жол ашатын түлектердің салтанатты сәті. Гимназия директоры Джамбулова Айжан Сматқызы гимназия түлектерін, ата-аналарын бүгінгі үлкен өмірге алған алғашқы жолдамаларымен құттықтады.

Түлектерімізді өмірдің жаңа жауапты кезеңіне қадам басуларымен құттықтаймыз! Барлық идеялардың орындалуын және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!

СӘТ САПАР,ЖАС ТҮЛЕК-2024

 

 

 

📌Жүздеген мамандық, кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Сөйте тұра, күзетшіден бастап министрге дейін барлық кәсіп иелерін алмастыруға болады. Орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық бар. Ол – әке болу.

Әкелер күні мерекесі қарсанында барша әкелер қауымын мерекемен құттықтаймыз!

 

 

 

Елімізде шілде айының бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

Бұл қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыратын күн.

Мұң-қайғысын, қуанышын домбыраның үнімен жеткізе білген қазақ халқы киелі аспапты төріне ілген. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».

Ұлттық құндылықты ұлықтауға арналған мерекеге орай баршамызға денсаулық, амандық тілейміз. Еліміздің абыройы асқақтап, өсіп-өркендей берсін!

Снимок_экрана_2024-07-31_101628.png    Снимок_экрана_2024-07-31_101704.png

 

 

4 маусым-мемлекеттік рәміздер күніне орай “Менің туым-менің мақтанышым!” атты онлайн челлендж ұйымдастырылды.

 

 

 

Түлектер апталығының соңы “Экомәдениет күні”табиғат аясында гүл егумен аяқталды. Түлектерге сәт сапар!!!

 

 

 

Гимназияда “Жас түлек-2024” апталығының жоспары бойынша 11 класс оқушылары ұстаздарға ұлт дәстүрі негізінде шашу шашып, дәмнен ауыз тигізіп, жұмыс күнінің керемет өтуіне жақсы көңіл-күй тілеп, алғыстарын айтты. Ұстаздар да түлектерге ҰБТ- дан жоғары балл алып, жарқын болашақ, мықты маман болуларына тілекші екендерін айтып, жарқын жүздерімен білдірді.

 

 

 

Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Төрт тоқсанға төрт өнер” жобасына сәйкес “Туған өлкем” фестиваліне гимназиямыздың оқушысы Айбек Азамат Айбекұлы қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Мақсаты:

-Туған өлкеге  деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ;

-Өз қалалары туралы білімдерін жүйелеу және байыту;

-Ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру. Өз мекеніне, қаласына деген қамқорлыққа баулу.

 

 

 

5 мамыр-Халықаралық отбасы күніне байланысты 1-4 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Снимок_экрана_2024-08-02_111252.png     Снимок_экрана_2024-08-02_111318.png

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 14 маусым күні 94 оқушы алтын ұя -асыл мектебімен қоштасып аттестаттарын қолдарына алды. 11 сынып бойынша 94 түлек бітірсе 5 оқушы алтын белгімен және 4 оқушы үздік аттестатпен марапатталды. Гимназия директоры Джамбулова Айжан Сматовна түлектерге ақ жол тілей отырып,ерекше белгілерімен құттықтады.

Болашақ сендердікі, өрендерім,

Білімнің өтедіңдер төлемдерін.

Тердіңдер әр пәннің де жақұттарын,

Тұңғиық сүңгіп жүзіп тереңдерін.

 

Он бір жыл оқыдыңдар зеректікпен,

Биіктеп еңселерің ерен тіптен.

Он бір жыл сыналдыңдар талап жүктеп,

Дарынмен, талаппенен бөлек біткен.

 

Ата-ана абыройын сақтадыңдар,

Ұстаздар үмітін де ақтадыңдар.

Енді Отан мақтанына айналуға,

Биікте самғам жүріп бақ табыңдар.

СӘТ САПАР,ЖАС ТҮЛЕК-2024

#Түлек2024; #ТүлекАқтөбе2024 @gani.beisembayev

5287778501941911025.jpg5287778501941911026.jpg5287778501941911027.jpg5287778501941911028.jpg5287778501941911029.jpg5287778501941911030.jpg


15 мамыр-Халықаралық отбасы күніне байланысты «Отбасым – бақыт мекенім» тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: -Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, олардың бойына адами құндылықтары мен мәдениетке баулу; -Оқушылардың естес ақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту; -Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Снимок_экрана_2024-08-02_111132.png


Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 Снимок_экрана_2024-08-01_102112.png


Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Толығырақ


✔️Көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі. Әрбір жүрек ризашылық пен шынайылыққа толы күнде біз ерекше бағалайтын махаббат сезімін, денсаулықты, отбасымыз бен достарымызды, жетістіктерімізді, әрқашан қолдау білдіретін ата-аналарымыз бен достарымызды, бізге шабыт беріп, тәлімгерлік ететін ұстаздарды және әр күнімізге шаттық пен қуаныш сыйлайтын, қиын сәттерде көмек қолын соза алатын жандарды ойлаймыз. Бұл күн тек алғыс айтумен ғана шектелмей, айналаңызға мейірімділік пен жанашырлық тарататын күнге айналсын. Әрқайсымыздың жүрегімізді жылытып, күш беретін алғыс тізбегінің құрылуына себепкер болайық.

❗ҚР Оқу-ағарту министрлігі РҚББО 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап Алғыс айту күніне арналған мектептер мен колледждер парламентінің мүшелері арасында «АЛТЫН ЖҮРЕК» республикалық челленджі М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясында өткізілді.

Толығырақ


Гимназиямызда “Мектеп парламенті”білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және АӘДТ пәні мұғалімі М.Оңдалының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Республикасынан шығарылуына 35 жыл толу құрметіне орай “Ерліктің ерен үлгісі” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ауған соғысының ардагері Жакупов Болат Спандиярович қонаққа келді. Кездесу іс-шараға 9-10-11 сынып оқушылары қатысып, ардагер ағайларға майдандағы қиыншылықтары мен ерліс іс-әрекеттері туралы сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті.

Кездесудің мақсаты: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру; Ауған соғысы ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімін көтеру.

Снимок.JPG


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Балалар және театр” жобасы аясында бастауыш сыныптар арасында “Ертегілер-халық даналығының айнасы” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар “Қаңбақ шал” ертегісінің қойылымын қойып, ән шашуларын шашып, мың бұрала биледі.

Мақсаты:

📌Ертегілердің түрлері, ерешеліктері туралы оқушылардың білімдерін тереңдету. «Қаңбақ шал» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегі идеясын анықтай білуге үйрету;

📌Оқушының тілін, ойлау қабілетін, мазмұндау дағдысын дамыту; сөздік қорын толықтыру;

📌Ертегі арқылы халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын ояту; ой ұшқырлығы мен тапқырлық арқылы кез келген жағдайдан шыға білуге икемдеу.

 


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 2 сынып оқушылары арасында “Тапқыр болсаң, тауып көр” тақырыбында интелектуалды сайыс өтті.

Мақсаты:

1. Оқушылардың жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету

2. Ой- өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

3. Оқу-білімге, өнерге қызығушылын арттыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

 


Гимназиямыздың 11-сынып түлектеріне Кәсіптік бағдар беру мақсатында Мақсұт Нәрікбаев университетінен өкілі келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: Оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру.

   hgfjkfnvb.JPGhtrvcgchr.JPGfdgfgdsg.JPG


 Гимназиямыздың 11-сынып түлектеріне Кәсіптік бағдар беру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінен өкілі келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты:Оқушыларға өзінің қабілетін, белгілі бір кәсіптік салаға бейімділігін анықтауына, соның негізінде жоғары буында оқу бағдарын дұрыс таңдауына көмек беру.

 

 gfjjnw.JPGhtrdhvbcbe.JPGnhedvch.JPG


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “ Ғаламтор қауіпсіздігі” жобасы аясында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында кибербуллинг туралы ескерту бойынша 5 “ә” сыныбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сынып жетекшісі: Қалдығұлова А.Б.


 «ABYROI SCHOOL Aqtobe” мектебінде өткен “Ертеңгі елдің болашағы” атты қалалық лидерлік форум өтті. Форумға Мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Сәрсенбай Жұлдыз қатысып келді.

 nnhgfbnfnytrjhhgfj.JPG


2024 жылдың 26 Ақпан күні М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның білім алушылары арасында Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы Nº2 ҚПБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы Мухамбетказина Аймереке Нурмукановнамен “Отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы заңнаманы қолданудың тиімділігі” тақырыбында кездесу өткізілді.

thgfh24_fgew.JPG


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында 5 “Г” сыныбында “Мектептегі мінез-құлық ережелері” тақырыбында әлеуметтік бейнеролик түсірілді.

Мақсаты:

📚оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту.

📚мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

📚жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

5 “Г” сынып жетекшісі: Мұратқызы Ж.


 Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Тоғыз айға- тоғыз іс-шара” жобасының “Ақпан-оқуға құштарлылық айы” негізінде, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия білім алушылары ақпан айында кітапханамен байланыстары мен әдеби тұлғалардың шығармаларын оқуды одан әрі дамытты. Аталған жоба аясында оқушылар ғана емес, гимназиямыздың ұстаздары мен ата-аналары да белсенді түрде қатысты.

Мақсаты: Білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.


 Гимназияға Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2 ҚПБ -нің учаскелік инспекторы аға лейтенант Николаев Батыр Темирланович келіп, оқушыларға өмір қауіпсіздіктерін сақтау және жол жүру ережесі шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

bdbbvcbfdsb.JPGdsadsfewxfca.JPGt5rwfvgw42t.JPG


 26 ақпан күні “Алғашқы өрт сөндіру құралдары және оларды қолдану ережелері”, “Жеке қорғаныс құралдары” тақырыбында оқушыларға Zoom қосымшасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Оқушыларды өрт техникасымен таныстыру.

Өрт сөндіру құралдарын қызмет көрсетудің негізгі мәліметтерін білу және меңгеруі.

hgrreacv_aee.JPG


2024 жылдың 6 ақпаны күні “Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті” ғимаратының акт залында Игимбай Қали Нұрланұлының (ҚР Төтенше жағдайлар минисртілігі М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының төтенше жағдайлардағы қорғаныс кафедрасының оқытушысы) қала мектептерінің өзін-өзі басқару ұйымының төтенше жағдайлар министрі өкілдеріне төтенше жағдай уақытындағы алғашқы көмек көрсету оқу-жаттығуын өткізді. Мектебімізден Өзін-өзі басқару ұйымының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Саубетов Адлет қатысып келді.

fgegfgqrsfds.JPG


Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Осы орайда атаулы білім ордасын еліміздің әр өңірінде бүгінгі бет–бейнесін жаңа қырынан көрсетіп жүрген 2022-2023 жылғы түлектеріміз М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияға, асыл білім берген ұстаздарына сәлем беру мақсатында ат басын тіреді.

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, бүгінде жоғары оқу орнына оқуға түскен түлектеріміздің таңдаған мамандықтарының мықты мамандары болуларына тілектеспіз!

Келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз жарқын болсын!

54fg42554.JPG 331er434432.JPG trr524dew.JPG


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ата-аналар мектебі” жобасы аясында “Үйрен жақсы әдептен…” атты тақырыбында гимназия білім алушыларының дайындаған бейнеролигі. 

Толығырақ

 fgecgssgfg.JPG


⚜️РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ⚜️

“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда республикалық челленджі қолдау мақсатында аналардың құрметіне ән шырқалды.

Адам баласы үшін ананың орны қашан да биік. Жұмақ - ананың табанының астында деген сөздің мәні аяулы жанның қадірін ерекше асқақтатып тұрғандай. Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға жүрекжарды лебізімізді күн сайын білдірсек те артық етпейді. Ал көктем мерекесіне арналған ең әсерлі тілектер әрбір ананы қуантатыны сөзсіз.

Аяулы аналар, сіздерді көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймыз! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейміз! Асқаралы атақ пен берекелі беделіңіз болсын, аналар!

 

 

Мектепішілік іс-шаралар


“Біртұтас тәрбие” және “Оқуға құштар мектеп” бағдарламасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында “Тәуелсіздік мен үшін” атты патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу челленджі өткізілді.


Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Көңілді қоңырау шарасы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлтжандылық қасиетін оята отырып, қоңырау уақытын тиімді пайдалану. Шара барысында гимназия оқушылары мен ұстаздарына ел Тәуелсіздігіне байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын тапқан адамға бауырсақтар таратылды. Шараға гимназия оқушылары белсенді түрде қатысты.


15-і желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қатысуымен 9 сыныптар аралығында “ZOOM платформасы” арқылы “Көктайғаққа қарсы сақтық шаралары” және “Балалардың отпен ойнауын ескерту” тақырыбында онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




Мың тағзым Сізге, қайсар ҰСТАЗ!

М.Құрманғалиева атындағы 32 гимназиямызда сонау ызғарлы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өр рухты ұстазымыз - Омарова Ботакөз Рысбайқызы қызмет етіп келеді. Өзінің жастық жалынын еліміздің тәуелсіздік,азаттық жолында аямаған қайсар ұстазымыздың ерлігі-бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.

Ботакөз Рысбайқызының өскелең ұрпаққа айтар өсиеті мен берер тәрбиесі мол деп білеміз. Желтоқсанда елдік,егемендік үшін күрескен ерен еңбегін әрқашан жадымызда сақтап, ардақтай білу біздің парызымыз деп есептейміз.




ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда түгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешейік!

Ізгі ниетпен: 1 “Г” сынып оқушылары.

Сынып жетекшісі: Барышева Л.Ж.


Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Бірлескен ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.

Ізгі ниетпен 1 “В” сынып оқушылары.

Сынып жетекшісі: Қайдақова Ж.Б.


«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» белсенділік халықаралық акциясы аясында М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясы «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы» тақырыбында флэшмоб өткізді. Акцияға гимназия оқушылары белсенді түрде қатысты.

Іс-шараның мақсаты – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Акцияның ерекшелігі-оның позитивті сипатта, жастардың қатысуымен, ешқандай мәжбүрлеусіз өтуінде.


Біртұтас тәрбие бағдарламасының, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 9 “Ә” сынып оқушылары С.Жиенбаев атындағы облыстық кітапханаға саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің туындыларымен танысып, үлкен мағұлмат алып қайтты.

Сынып жетекшісі: Арықбаева Т.


“Біртұтас тәрбие” және “Оқуға құштар мектеп” бағдарламасы аясында 5-11 сынып оқушылары арасында “Тәуелсіздік мен үшін” атты патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу челленджі өткізілді.


8 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қатысуымен 8-11 сыныптар аралығында “ZOOM платформасы” арқылы “Көктайғаққа қарсы сақтық шаралары” тақырыбында онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


8 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қатысуымен 8-11 сыныптар аралығында “ZOOM платформасы” арқылы “Көктайғаққа қарсы сақтық шаралары” тақырыбында онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілді.




“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы аясында гимназия оқушыларына мектеп психологтары тренинг өткізді.

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Мектеп психологі: Жүсіпова Г., Рзабекова А.


“Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” белсенділік акциясы аясында гимназияның 10-сыныптары арасында “ Зорлық-зомбылықсыз әлем” тақырыбында эссе жазылды.

Мақсаты:

Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.

Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету

Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.


Гимназия оқушыларына мектеп инспекторы Муханбетказина А. мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Н.Искаков зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдымен адам денсаулығына кері әсері мен адам бойындағы ең жаман қасиет екендігі түсіндірілді.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” белсенділік акциясы аясында 1 “Г” сынып оқушыларынан “Сен нені армандайсың?” тақырыбында сұхбат алынды.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы зорлық –зомбылық мәселесін түсінуіне,өз-өзіне баға беруге тәрбиелеу,сенімді мінез –құлықты дамыту.

Сынып жетекшісі: Барышева Л.Ж.


Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында гимназиямызда әр дүйсенбі сайын МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН орындалады.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда оқушылармен бірге терроризм туралы терең түсінік беріп және шығар жол,алғашқы жәрдем т.б туралы АӘД пән мұғалімі Оңдалы М түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Бастауыш пен жоғарғы сынып оқушыларының арасында өткен таңғы жаттығу барысы.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” атты тақырыбында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаның еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға,ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу,жасөспірімдердің есірткінің заңсыз айналымына қатысуының құқықтық салдарын түсіндіру мақсатында “Синтетикалық есірткі және нашақорлықтың зардаптары” тақырыбында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Мен және өрт қауіпсіздігі” атты бастауыш сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып, тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
-балалар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін кеңінен насихаттау;
-балаларға өз өмірін сақтау негіздерін үйрету;
-құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандардың еңбектерін құрметтеуге шақыру.

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 9-11 сыныптар арасында қыз балалардан волейбол секциясы жүргізілуде. Жетекшісі: Куптлеуов Н.А



 


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбекке адал жас өрен” жобасы аясында оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында 4 сыныптар арасында “Күзгі бал-2023” кеші өтті.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 7-10 сыныптар арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы аясында сауалнама жүргізілді.

Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.


“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырып аясында 10-11 сыныптар арасында тренинг өтті.

Мақсаты: Балаларға зорлық зомбылық туралы мағұлмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде Заң бар екенін айту. Балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.

Гимназия психологтары: Жүсіпова Г., Рзабекова А.


Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” Халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылған әлеуметтік бейнеролик.

Мақсаты: әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыру және баса назар аудару, тұрмыстық зорлық зомбылықты жою, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау болып табылады.


1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне мектеп медбикесі мен сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен гимназияның білім алушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: АИТФ инфекциясының алдын-алу және жұғу жолдарын одан сақтанып, қорғана білу жолдарын білім алушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында “Бала қорғау-болашықты қорғау” атты тақырыбында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап өтті.


“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған “Үнемділік инноваторы” акциясы.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған “Саналы ұрпақ” және “Адал ұрпақ” тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Мектеп лигасы” жобасы аясында “Әлемді бағындырған жерлесіміз” атты тақырыбында жас ұрпақты салауатты өмір салтына бағыттау мақсатында, 10-11 сынып оқушыларының арасында белгілі гимназиямыздың үздік спортшысы, 11 “Б” сынып оқушысы Даркен Зарамен кездесу өткен болатын. Қазіргі таңда шәкіртіміз Италия мемлекеті, Сицилияда еліміздің абыройын көтеріп,намысын қорғауда. Гимназиямыздың үздік спортшысымен мақтанамыз. Зараға ақ жол тілейміз!




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында “Өнегелі өмір” атты тақырыбында 10 “Б” сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды ізгілік пен іздемпаздыққа, дүниетанымын кеңейту, білімпаздыққа баулу. Өзіне, өмір сүрген ортасына, жақсылыққа баулуды үйрету.

Сынып жетекшісі: Мендібаева Л.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында “Өнегелі өмір” атты тақырыбында 11 “Ә” сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.

Сынып жетекшісі: Бралова Г.


Қараша айының 15-і күні 5 “В” сыныбында “Оян, ар мен адалдық!” атты тақырыбында сынып сағаты өтті.

Мақсаты: оқушылардың бойына адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталды. Класс жетекшісі: Ұланқызы Ақтолқын


Қараша айының 18-і күні 7 “В” сыныбында “Оян, ар мен адалдық!” атты тақырыбында сынып сағаты өтті.

Мақсаты: оқушылардың бойына адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталды. Класс жетекшісі: Курбанова Г.С.

 


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде “Ғаламтор қауіпсіздігі” жобасы аясында “Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған челлендж өтті.

6 “В” сынып.

Сынып жетекшісі: Шамшиева А.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде “Ғаламтор қауіпсіздігі” жобасы аясында “Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған челлендж өтті.

5 “А” сынып.

Сынып жетекшісі: Каналина Ж


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде “Ғаламтор қауіпсіздігі” жобасы аясында “Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған челлендж өтті.

2 “Б” сынып.

Сынып жетекшісі: Махамбетова М.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” негізінде “Ғаламтор қауіпсіздігі” жобасы аясында “Отбасылық дәстүрлер” тақырыбында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған челлендж өтті.

4 “Б” сынып.

Сынып жетекшісі: Байжанова К


2023-2024 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І (мектепшілік) кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты


М. Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 13-15 қараша аралығында 2-4 сыныптар арасында қазақ тілі, математика және жаратылыстану пәндерінен мектепішілік олимпиада өткізілді.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Жеті Жарғы” жобасы және “Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы” кең ауқымды республикалық акциясы аясында 3 сыныптар арасында “Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік” атты тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты:

🚦Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

🚦Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

🚦Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға баулу.

🚦Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында “Әкеге ізет, анаға құрмет” атты тақырыбында 4 “Г” сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың бойында ата-аналарға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сынып жетекшісі: Баймаханова Ж.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның оқушылары Әбілхайыр ханның 330 жылдығына арналған “Ұлтын сүйген ұлы тұлға” атты республикалық ақындар айтысында волонтер қызметін атқарды.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия оқушылары «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы аясында өткізілген «Алтын сақа» республикалық челленджіне белсене түрде қатысты.

Мақсаты:

📌Білім алушылардың адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды дамыту.

Асық ойыны баланың ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Балалар кітапханасы” жобасы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай “Жақұты барға жасың түспиді” тақырыбында 10 “В” сыныбы Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларына саяхат жасады.

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Кітап оқуға басшылық жасау.

Пән мұғалімі: Арзығұл А.

 


♦️“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің тапсырысы бойынша еліміздің барлык мектептерінде бір мезгілде ұлттык ойындар челленджі өтті. Осыған орай, гимназияда окушылар «Бес табан» жане «Бес асык» ойындарын ойнады.

✔️Челлендждің мақсаты - білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалык, патриоттык бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау

және ұлттык, ойындарды дәріптеу. «Ұлттык ойындар - адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ольденсаулыктың ғана емес, өмір үйлесімділігінің, кепілі. Мәселен, асык ойнау баланың жүйке-бұлшық ет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң кимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық, акция еліміздің барлык білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін калыптастыруына, қазақ, халкының мәдениеті мен тарихына кызығушылықты арттыруға бағытталған».




“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған “Үнемділік инноваторы” акциясы.


Қазақстан Ұлттық банкі 1992 жылдың 27 тамызы күні теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Онда ұлы тұлғалардың портреттері бар-тын. Ертесіне қазақ валютасының дизайнын жасаған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.


“Ғаламтор қауіпсіздігі” жобасы аясында бейнеролик.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның Еріктілер тобы мүшелері “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында көп қабатты гимназия ауданына қарасты тұрғын үйлердің хабарландыру тақталарына “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы” ақпараттық флаерлер іліп, тұрғындарға таратты.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Жеті Жарғы” жобасы және “Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы” кең ауқымды республикалық акциясы аясында 3 сыныптар арасында “Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік” атты тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты:

🚦Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

🚦Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

🚦Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға баулу.

🚦Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.


♦️“Төрт тоқсан - төрт өнер” жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің тапсырысы бойынша еліміздің барлык мектептерінде бір мезгілде ұлттык ойындар челленджі өтті. Осыған орай, гимназияда окушылар «Бес табан» жане «Бес асык» ойындарын ойнады.

✔️Челлендждің мақсаты - білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалык, патриоттык бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау

және ұлттык, ойындарды дәріптеу. «Ұлттык ойындар - адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ольденсаулыктың ғана емес, өмір үйлесімділігінің, кепілі. Мәселен, асык ойнау баланың жүйке-бұлшық ет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң кимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық, акция еліміздің барлык білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін калыптастыруына, қазақ, халкының мәдениеті мен тарихына кызығушылықты арттыруға бағытталған».




Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Респуб­ликасы­ның ұлттық ва­­лю­­та­сын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн­ өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-сат­тық жасау құралы ретінде төл теңге қол­да­нысқа енді.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда қайырымдылық кино кеші өтті. Кеште оқушыларға тарихи маңызы мен тәлім-тәрбиесі мол “Тар заман” фильмі көрсетілді. Билеттер, тәтті жүгері және сусындардан түскен қаражат кеш соңында қайырымдылыққа жіберілді.

Шараның мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, адамгершілік пен мейірбандыққа тәрбиелеу.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Еліміздің рухын көтерген-спорт саңлақтары” тақырыбында оқушылар мен Халықаралық спорт шебері әрі Ақтөбе полиция департаментінің қызметкері Толепбаев Айдын Орынбайұлымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты: спортты насихаттай отыра балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу, патриотизмге тәрбиелеу,мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықты алдын алу.

Кәсіби спортшы Айдын Орынбайұлы өз білгенімен бөлісіп, оқушыларға арналған қызықты мағлұматтарын ұсынды.


Бүгін педагогикалық әдеп кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес кезекті педагогикалық әдеп кеңесінің N1 отырысы өтті. Педагогикалық әдеп кеңесінде

1.Педагогикалық әдеп және педагогткалық тактика

2,Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті

3.Педагог бейнесі тақырыптары бойынша баядамалар оқылды. Әдеп кеңесі отырысы барысында мұғалімдер пікірлерін білдіріп, тәжірибелі ұстаздар өз ойларымен бөлісіп, ақыл кеңестерін айтты.


Ұлттық теңгемізге - 30 жыл! Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек танысу үшін 11 Б сынып оқушылары сынып жетекшісі Ақгүл Сырымқызымен қаламыздың теңге саябағын аралады. Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын жете түсінген оқушылар өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдері оянып, демалыс күнін керемет өткізді.


Қазан айының 8-і күні “Бүркіт” патриоттық фильімін ұжымдық қарауға гимназиямыздың 9 сынып оқушылары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искаков Дауир Набатұлы барды.Мақсаты: оқушыларға фильм арқылы патриоттық тәрбие бере отырып, ұлтжандылыққа,еліне адал қызмет етуге баулу.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбекке адал жас өрен” жобасы аясында оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында 10-11 сыныптар арасында “Күзгі бал-2023” кеші өтті.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбекке адал жас өрен” жобасы аясында 8-9 сыныптар арасында “Күзгі бал-2023” кеші өтті.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 8 “А” класс оқушылары күзгі демалыс кезінде “Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз” шарасы аясында Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларына барып көптеген тарихи орындармен танысып, демалыс күндерін класс жетекшілерімен бірге қызықты әрі, танымды өткізіп, ата-баба тарих тереңірек біліп, бойларына рухани мол азық алды.

Сынып жетекшісі: Утарова Ж.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 8 “Г” класс оқушылары күзгі демалыс кезінде “Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз” шарасы аясында Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларына барып көптеген тарихи орындармен танысып, демалыс күндерін класс жетекшілерімен бірге қызықты әрі, танымды өткізіп, ата-баба тарихын тереңірек біліп, бойларына рухани мол азық алды.

Сынып жетекшісі: Әбден Г.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Оқуға құштар мектеп жобасы” аясында күзгі каникул уақытында оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз” тақырыбы негізінде С.Көбеевтің 145 жылдығына арналған іс-шара өткізілді.

 


30 қазан М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І (мектепшілік) кезеңі өткізілді. Олимпиада ІІ айналымнан тұрды, І айналым теориялық, ІІ айналым практикалық.




Күзгі демалыс кезінде “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында “Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз” атты іс-шараға қатысушы 4 “Ә” сынып оқушысы Ақмырзаева Ақерке


Күзгі демалыс кезінде “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында “Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз” атты іс-шараға қатысушы 10 “В” сынып оқушылары.


Гимназия оқушылары “Оқуға құштар мектеп” жобасының, “Күзде жалықпаймыз, кітап оқимыз” шарасы аясында күзгі каникул уақытында уақыттарын тиімді өткізу мақсатында әдеби кітаптар оқуға көңіл бөледі.


1 қараша күні мектебіміздің магистр ұстаздаздарынан құралған “Proactive teachers” шығармашылық тобының ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Шығармашылық топ 2023-24 оқу жылында атқаратын жұмыстарымен, олардың мақсат-міндеттерімен, күтілетін нәтижесімен таныстырды.

Сонымен қатар, шығармашылық топтың бір жобасы - “Дара жол” педагогтердің шеберлік алаңының алғашқы бағдарламасы - “Менің де айтарым бар…” бағдарламасы өткізілді.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 1-4 сыныптар аралығында «Тазалық сақшылары» атты театрландырылған қойылым қойылды. Қойылым мақсаты: оқушыларды тазалыққа баулу,достықты бағалау. Барлық оқушылар қызыға тамашалап,жақсы іс пен жаман істі айыра білуге үйренді.


ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Оқушылардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және құқықтық мінез-құлқын дұрыс қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Ибраева Айгуль Касымбековна, полиция подполковнигі Р.Джигитова және полиция майоры Г.Уайсова Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның оқушыларымен «Балаларға арналған қауіпсіз контентті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудегі басты мақсат: балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, заң бұзушылықтың алдын-алу, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, темекі, оның ішінде электронды шылым шегу мәселелері, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету, құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйрету арқылы қауіпсіз контентті қалыптастыру.

Кездесуде оқушылар өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды жауаптар алды.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиямызда “Қазақ елі-менің Қазақстаным” тақырыбында 25 қазан Республика күніне орай мерекелік кеш өтті.

Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған - Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістік, игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңгі күнге сенімділік тілейміз!


Қазан айынан бастап М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “PBTS-2024” Халықаралық зерттеу туралы ата - аналарға,оқушыларға РISA бағдарламасынның оқыту жүйесімен таныстырып, оқушыларға психологиялық қолдау, дайындау жұмыстары жүргізіліп келеді . Жалпы дайындық барысын мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері бақылауда. Дайындық негізгі үш бағыт “математикалық сауаттылық”, “жаратылыстану сауаттылығы” және “оқу сауаттылығы” бойынша жүргізіліп жатыр.

Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының бәріне ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар жауапкершілікті түсініп, жұмыс жасауда.




2023 ж. 16-20 қазан аралығында «Әдістемелік кабинет» КММ-нің жоспары негізінде «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Республика күніне орай қала мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Күзгі сарын» атты қолөнер байқауында «Сиқырлы ертегі» номинациясы бойынша I дәрежелі үздік нәтиже көрсеткен 1 «Б» сынып оқушылары.

Сынып жетекшісі: Молжігітова Адина




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 15 минуттық қоңырауда Республика күніне орай оқушылардың қоңырау уақытын тиімді, көңілді өткізу мақсатында “Balloon board” шарасы өткізілді. Шараны өткізу барысында барлық қауіпсіздік ережелері сақталды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру- Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Мектебімізде "Есірткісіз әлем" тақырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында мектеп инспекторы, полиция капитаны А.М.Муханбетказина мен мектеп мейірбекесі А.Иманғазина түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға баулитын бұл іс-шараның оқуыға берері мол.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбекке адал жас өрен” жобасы аясында 2-сыныптар арасында “Күз кереметтері-2023” атты көрме байқауына белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау жиыны өтті.

Байқаудың мақсаты:

оқушыларды адал еңбекке, отансүйгіштікке , адамгершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және ата-аналарды мектептегі тәрбие жұмысына тарту.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 25 қазан Республика күніне орай Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «Қазақстан елі-менің Отаным» тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өтті.

  


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбекке адал жас өрен” жобасы аясында 2-сыныптар арасында “Күз кереметтері-2023” атты көрме байқауы өткізілуде.

Байқаудың мақсаты:

-оқушыларды адал еңбекке, отансүйгіштікке , адамгершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

-Оқушылар табиғатпен таныса отырып табиғатпен танысу,қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау;

балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және ата-аналарды мектептегі тәрбие жұмысына тарту.


20-қазан Республика күні мерекесі қарсанында Тоғыз айға- тоғыз іс-шара бағдарламасы негізінде «Қыран елім - Қазақстан!» атты патриоттық акциясы аясында М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Мемлекеттік Әнұранды орындау челленджіне гимназия ұстаздары, гимназия әкімшілігі, білім алушылары белсенді түрде қатысты.


7 қазан айында 7”Ә” сыныбында “Ұлы дала перзентімін!” атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Класс жетекшісі: Кеулимжаева М.Е.


Қазан айының 17-сі 7 “В” сыныбында “Ұлы дала перзентімін” атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына патриотизмді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталады.

Сынып жетекшісі: Курбанова Г.С


2023 жылдың 13-қыркүйегінде гимназиямыздың өзін-өзі басқару ұйымының парламент президенттігіне 8 үміткер сайлауға түсті. 9:00-16:00 аралығында гимназия ұстаздары мен оқушылары сайлауға толықтай қатысып, өз дауыстарын берді. Сайлау қорытындысы бойынша 26% көрсеткішпен Сарсенбай Жұлдыз жеңіске жетіп, мектеп парламент президенті болып тағайындалды. 


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбегі адал жас өрен” жобасы негізінде “Гаджетсіз демалыс” тақырыбында 11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері Искаков Дауир мен Габдуллина Гүлсарамен бірге М.Дулатовтың “Оян,қазақ” фильміне барды.




Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Гимні.

Осы мақсатта мектебімізде әр дүйсенбі күні мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен Мемлекеттік Гимн орындалады.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Ювеналдық полиция тобының бастығы Жалекешова Ботакөз Маратовна және инспектор Мұханбетказина Аймереке Нұрмұханқызы 6-9 сыныптар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында кәмелетке толмаған оқушылар арасындағы құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдер жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видеороликтер көрсетілді.




М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Жолда жүру ережелерін білейік” тақырыбында 2-3 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өтті.

Мақсаты:

1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін бұзбай, сақтап жүруге тәрбиелеу.




Қазақ тілін қолданатындардың қатары көбейді

          Қазақша сөйлейтін орта сан тұрғысынан өсті. Оның сапалы болуын қамтамасыз етуіміз керек. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы осылай деді.

        “Қазақ тілінің өсуіне жағдай жасалмаса, онда бұл табиғи өсім ары қарай жалғаспай қалуы мүмкін. Осыған қатысты ұсыныстарымыз Мемлекет басшысы тарапынан да қолдау тапты”,-деді Қор басшысы.

        Балалардың тілін қазақша шығаруға қажетті заманауи құралдар жарық көреді

        Бұл туралы «Бас тақырып» бағдарламасында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы айтты.

       «Мамандармен бірге әлемдік тәжірибені зерттеп, қазақ тілі бойынша оқу сауаттылығын, жазу мәдениетін қалыптастыратын жоба жасап жатырмыз. Осы мәселенің маңызды екендігін Мемлекет басшысы да атап айтып, тиісті тапсырма беріп отыр»,-дейді қор президенті. 

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойына арналған ақын өлеңдерін оқушылар арасында мәнерлеп оқудан челлендж. 5 “В” сынып оқушылары Әділжан Жаннұр, Берикова Айару, Пән мұғалімі Арзығұл А.С.


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойына арналған ақын өлеңдерін оқушылар арасында мәнерлеп оқудан челлендж.

5 “В” сынып оқушылары Әділжан Жаннұр, Берикова Айару

Пән мұғалімі Арзығұл А.С.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Бір отбасы-бір кітап” атты отбасылық челленджі өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баулу, отбасында кітап оқуды әдетке айналдыру және отбасындағы қарым-қатынасты отбасылық бірге оқу арқылы көтеру. 


2б сыныбының құттықтауы


Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді 5-қазан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.


М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда «Ұстаз-аты биік, әрі мәңгілік» атты Ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шара барысында гимназиямызға биылғы оқу жылында қабылданған жас мамандар мен тәлімгерлері бірлесе гимназиямызды гүлдендіру жолында бөлме гүлдерін отырғызды. Гүл отырғызу рәсіміне Ақтөбе қаласының әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлы қатысты.

Мақсаты: Жас буынның алдыңғы толқын секілді тамыры тереңге жайылған әсем гүлдей жайнап, озық ойлы, жан-жақты, талантты да дарынды шәкірт тәрбиелеуін үлгі ету.

 


5-қазан Дүниежүзілік Ұстаздар күніне орай гимназиямызда “Дублер күні” өткізілді. Әр ұстаздың бір күндік қызметін атқарған дублер білім алушылар ұстаз мамандығының қиыны мен қызығын сезініп, үлкен жауапкершілік атқара білді. Дублер күнінің мектеп басшысы мен орынбасарлары және пән мұғалімдері нақтыланып, сайланды.

 


Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында Ақтөбе қаласы ПБ ППБ қызметкерлері Тұңғы Президент атындағы орталық саябақта орналасқан "Жас жол инспекторы" қалашығында М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 6-сынып оқушыларына практикалық сабақ өткізді.




2023 жылдың 2 қазан күні М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» деген атаумен «ҚР Білім беру ісінің үздігі», Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл» және «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» төсбелгісінің иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, көрнекті педагог Малайдар Марта Есіркепқызымен кездесу өтті. Іс-шара халықаралық қарттар күні мен алда келе жатқан ұстаздар күнінің қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесу кеші «Дара жол» бағдарламасы форматында өткізілді.

Білім саласының өсіп-өркеңдеуіне аянбай атсалысқан кемел ойлы педагог - Марта Есіркепқызының өмір жолын жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бұл кездесуге жас ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Оқушылар кеш қонағына жарыса сұрақ қойып, жетістік пен табысқа жету сырын ұғынуға тырысып, сұхбатқа белсене араласты.

Бұл кеште Марта Есіркепқызы 11-сынып оқушыларының ойына түрткі болатындай, намыс-жігерін жанитындай ұтымды ақыл –кеңестерін айтты.

Сондай-ақ жас ұстаздарға өмірлік ұстанымдар, тәрбие мәселесі, ұстаздың өмір жолынан деректер, ұлттың рухы мен рухани құндылықтарға қатысты сан алуан тақырыптар сөз болды.

Кеш барысында оқушылар сыйлы қонақтың құрметіне арнап, жыр шумақтарын оқыды. Шәкірттер ән жолдап, ұстаздар жыр мен термесін тарту етті. Кеш барысында М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия директоры Джамбулова Айжан Сматқызы «ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбегі кейінгі жас буынға үлгі-өнеге» екендігін айтып, Марта Есіркепқызына алғыс лебізін білдірді. Соңында кеш қонағы – Малайдар Марта Есіркепқызы жастарға бата беріп, өмірлеріне ақ жол тіледі. «Дара жол» бағдарламасына қатысушылар кездесуден жақсы әсермен тарасты.



 

Құрметті ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын

Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Еңбек күні” мерекесіне орай қызметкерлеріміздің еңбегін бағалай отырып, ұстаздық жолындағы еңбегін кеңінен таныту мақсатында Раева Айна Жылқыбайқызын нағыз “Еңбек адамы”деп бағалаймыз. Жетістік жолдарына тоқталар болсақ:
2-сыныпқа арналған «Дүниетану» оқулығының авторы;
2-сыныпқа арналған «Дүниетану» пәнінен жұмыс дәптерінің авторы;
“Ақтөбе облысының құрметті ұстазы ” атағының иегері;
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Алғыс хат иегері.

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда біртұтас тәрбие бағыты аясында Еңбек күніне орай “Табысты түлек” тақырыбында осы оқу орнын аяқтап, өз еңбек жолын таңдап, қалыптастыра білген түлектермен кездесу өтті.

 

Табиғат аясында

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ағымдағы жылдың 25-29 қыркүйек күндері аралығында мемлекеттік және жеке мектептерде оқу-жаттығу ұйымдастыру жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №276 бұйрығы негізінде өрт қауіпсіздігі араларын оқыту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінің қатысуымен эвакуациялау жаттығулары өткізілді.

Мақсаты:

Өрт және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды мектеп ғимаратынан эвакуациялау дағдыларын жетілдіру.

Өрт дабылы бойынша мектеп ғимаратынан оқушыларды, оқытушыларды, техникалық персоналды дереу эвакуациялауды жүргізу;

Эвакуациялау кезінде дыбыстық құлақтандыру жүйесін пайдалану.

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Еңбек күніне орай 5-7 сыныптар арасында “Менің жетістігім-менің нәтижем” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында әр түрлі мамандық иелерінің маңыздылықтары жөнінде талқыланды.



 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия бойынша дәстүрлі республикалық "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты мектебіміздегі жекелеген санаттағы көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсету. Аталған акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау науқанына №3 қалалық емхана ұжымы қолдау білдірді. Акцияға қатысып, балалардың мектепке дайындығына үлес қосқан, осындай игі істе демеушілік танытқандары үшін мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз табысқа, әр күніңіз жақсылыққа, сауапқа толы болсын!

 

Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы аясында ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан челлендж.

 

Қызылша - вирустан туындаған әдеттегі қызылша вирустық инфекция. Ауруды оңай анықтауға болатын ерекше белгілері бар (бөртпе). Қызылша өте жұқпалы, ауа арқылы таралады. Инкубациялық кезең бірнеше аптаға созылады.

Қалай жұқтыруға болады? Инфекция ауа тамшылары арқылы беріледі. Науқаспен байланыста болған кезде (сөйлесу, түшкіру, жөтелу кезінде) бұрын қызылшамен егілмеген және ауырмаған адам 100% дерлік жұқтыруы мүмкін. Қызылша вирусы өте құбылмалы: қызылшаны науқаспен тікелей байланыста болмай, онымен бір үйде болу арқылы жұқтыруға болады. Бақытымызға орай, вирус тез өледі, сондықтан тұрмыстық заттар, ойыншықтар, киім-кешек арқылы жұқтыру мүмкін емес.

 Инкубациялық кезең (инфекциядан аурудың алғашқы көріністеріне дейін) 7-ден 17 күнге дейін созылады. Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады.

Бірінші, катаральды, кезеңде (1-3 күн) қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінетінін білу маңызды: безгегі, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы.

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда қызылша ауруын белсенді анықтау және алдын-алу мақсатында, 1-11 сынып оқушыларының қызылшаға қарсы егу мәртебесіне ревизия жүргізіп, екпесі жоқ балаларға вакцинация жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар арасында вакцинацияның маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы диктант алынды.



 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда біртұтас тәрбие бағытына сәйкес “Қауіпсіз мектеп” акциясы аясында, “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесінің негізі” тақырыбында мектепішілік қыз балалар жиналысы өтті. Жиналысқа арасында Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2 ҚПБ ЖПҚБ-ның Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.М.Муханбетказинаның қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа 9-10 сынып қыз балалары, сынып жетекшілері, ДТІЖО Д.Н.Искаков және Л Ж Барышева қатысты. Жиналыста оқушыларға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 3 наурыздағы/61 бұйрығымен таныстырылды. Сонымен қатар, жолда жүру ережелері, кешкі рейд, құқықбұзушылық мәселелері және жалпы қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері жөнінде таныстырып өтті. Қазіргі күні кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында жиі кездесетін буллинг пен мектепке әкелуге тиым салынған заттар жайлы ескертілді.

Жиналыс соңында мектеп мейірбекесі Иманғазина А. Қыз балалардың жеке бас гигиенасын толық сақтау жөнінде ескертті.



 

1-қазан "Қарттар күні" құтты болсын! Қазыналы қарттарымызды қадірлеп, құрметтеп өсейік. "Қарты бар үйдің қазынасы бар" демекші, қарттар қазына екенін ұмытпайық. Әр шаңырақта салиқалы ұрпақ тәрбиесіне өз үлесін, өзінің білгені мен кергенін айтып, тәрбие беретін қарттарымыз аманболсын.



 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда "Жолда жүру ережесін білесіңбе? тақырыбындағы бастауыш сыныптар арасында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін бұзбай, сақтап жүруге тәрбиелеу.



 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік” тақырыбында 4 “В” сыныбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:
1. Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін бұзбай, сақтап жүруге тәрбиелеу.
Класс жетекші: Тусибекова Л.

 

Мектебіміздің Жас жол инспекторлары мен тәртіп сақшылары "Жас жол инспекторлары", "Қауіпсіз мектеп жобасы аясында "Жеткіншектің жеті жарғысы" негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 6 “Б”, 6 “Г” класс оқушылары «ТУҒАН ҚАЛАМЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!» ұранымен ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ сенбілігіне қатысты. Аталған шараға қатысушылар өздеріне белгіленген мектеп айналасына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, мектеп ауласын қоқыстардан тазартты.

 

Бүгін гимназиямызда Біртұтас тәрбие бағыты, “Қауіпсіз мекткеп” акциясы аясында, “Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында мектепішілік ер балалар арасында жиналыс өткізілді. Жиналысқа Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2 ҚПБ ЖПҚБ-ның Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.М.Муханбетказинаның-ның қатысуымен жиналыс өтті. Жиналысқа 9-10 сынып ер балалары, сынып жетекшілері, ДТІЖО Д.Н.Искаков және Л Ж Барышева қатысты. Жиналыста оқушыларға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылдың 3 наурыздағы/61 бұйрығымен таныстырылды. Сонымен қатар, жолда жүру ережелері, кешкі рейд, құқықбұзушылық мәселелері және жалпы қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері жөнінде таныстырып өтті. Қазіргі күні кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында жиі кездесетін буллинг пен мектепке әкелуге тиым салынған заттар жайлы ескертілді.



 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия бойынша дәстүрлі республикалық "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты мектебіміздегі жекелеген санаттағы көмекке мұқтаж отбасы балаларына қолдау көрсету. Аталған акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау науқанына №3 қалалық емхана ұжымы қолдау білдірді. Акцияға қатысып, балалардың мектепке дайындығына үлес қосқан, осындай игі істе демеушілік танытқандары үшін мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіз табысқа, әр күніңіз жақсылыққа, сауапқа толы болсын!

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда “Еңбек күні” мерекесіне орай қызметкерлеріміздің еңбегін бағалай отырып, ұстаздық жолындағы еңбегін кеңінен таныту мақсатында Елшибекова Сауле Орынбасарқызын нағыз “Еңбек адамы”деп бағалаймыз.

Жетістік жолдарына тоқталар болсақ:

ҚР Педагогтар Одағы “Жыл ұстазы” төсбелгісі Алматы,2023

”ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері” төсбелгісі Астана,2018

Білім беру жүйесінде саналы ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруісінде жоғары нәтижеге жеткені үшін “” Қандыағаш,2002

”1991- жыл Үздік мұғалім” конкурсының жүлдегері “Құрмет грамотасы” Шұбарқұдық,1991.

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Денсаулық және әл-ауқат жобасы аясында гимназия оқушылары «Мықты денсаулық- қоршаған ортадан басталады» атты ұранымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, кабинет өсімдіктерін күтіп-баптау жұмыстарын бастады.

 

 

Гимназияда 8 сынып оқушылары арасында біртұтас тәрбие аясында “Гаджетсіз бір күн” акциясын ұйымдастырды. Акция барысында оқушылар ұялы байланыс құралдарының адамдар арасындағы шынайлы қарым-қатынастың дамуына кедергі жасайтынын көрсетті.

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Бірақ, ғаламтордың пайдасымен қатар зияны да бар екендігін ойдан шығаруға болмайды.

 

 

М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияда біртұтас тәрбие бағыты аясында Еңбек күніне орай “Еселі еңбек-ел ертеңінің кепілі” тақырыбында ардагер ұстаздарды марапаттау шарасы өткізілді. Шараға гимназиямыздың ардагер ұстаздары Изимбетова Н., Бекетова К.,Қуанышева Р. қатысты.



 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 11.09.2023 жылы №1654 шығыс хатына сәйкес 1-11 сыныптар арасында парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған біріңғай адалдық сағаттары өтті.Оқушыларға видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

“Тоғыз айға тоғыз іс-шара” жобасы аясында “Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытуда мектеп пен отбасының маңызы” тақырыбында М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияда ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысы ата-аналар үшін әсерлі, қызықты жаңа форматта ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, ата-аналарға ішкі тәртіп ережелері таныстырылды. Толық оқу жылына сыныптың жоспары құрылды.

 

 

“Тоғыз айға тоғыз іс-шара” жобасы аясында “Бала бойына ұлттық құндылықтарды дарытуда мектеп пен отбасының маңызы” тақырыбында М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияда ата-аналар жиналысы өткізіледі. Барлық ата-аналарды жиналысқа шақырамыз!

 

 

 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салықтар саласындағы мәселелерді білу мақсатында BIRGEDAMYUSHIN балалар шығармашылық конкурсы өткізілді. Оқушылар жемқорлықтың салдарын түсініп, жемқорлықтың қарсылықтарын көркемсурет арқылы жеткізді.



 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханамызға жаңа оқулықтар келді. Қымбатты оқырман, баршаңызды кітап оқуға шақырамыз.

 

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Гимні. Осы мақсатта мектебімізде әр дүйсенбі күні мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен Мемлекеттік Гимн орындалады.



 

Гимназиямызда сынып жетекшілерге арналған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған кешенді жоспарды талқылау мақсатында оқыту семинары өткізілді. Семинарда "Ұлттық мүдде", "Ар-ұят", "Талап" құндылықтарына негізделген жұмыс жоспарын жүзеге асыру түсіндіріліп, кешенді жоспармен жұмыс жасау ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар мен мектеп мұғалімдеріне арналған мектеп формасы көрсетіліп, сынып жетекшілердің портфолиосында болуы керек тиісті құжаттармен таныстырылды.



 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді.
Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады.
Осы орайда, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 7-8 класс оқушылары арасында “Еңбек ырыстың бұлағы” тақырыбында шығарма жазу байқауы өтті. Шығарма мазмұнында оқушылар әр маман иелерінің ерен еңбегін бағалай отырып, алғыс білдірген.
Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке.



 

 

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда 5 қыркүйек Халықаралық Тілдер мерекесіне арналған “Қазақ тілі-мемлекеттің тұғырлы тірегі” тақырыбына арналған “Үш тілділік тұғырым” атты интелектуалдық байқау өткізілді. Байқауға 8 “А”, 8 “Г” сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылардың тіл пәндеріне деген біліктіліктерін, білімдерін арттыру; Оқушылардың дұрыс сөйлеу, жазу және оқу ептіліктерін дамыту.

 

5 қыркүйек халықаралық Тілдер мерекесіне арналған «Қазақ тілі – мемлекеттің тұғырлы тірегі» тақырыбындағы апталықтың ашылуы өтті. Мақсаты: еліміздің ертеңі, жас ұрпақ ана тілінің қадір-қасиетін тереңнен ұғынатын, мемлекеттік тіл мәртебесіне құрметпен қарайтын, білімді де, білікті азамат тұлғасын тәрбиелеу.

М.Құрманғалиева атындағы мектеп-гимназиясында қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, қастерлеуге, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында "Сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған сол жылдар" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмейтін тарихи оқиғалар болды. Соның бірі - әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы. Кездесу барысында ауған соғысының ардагері Кариев Самат Абенович пен Жакупов Болат Спандиярович қонаққа келді.  Кездесу іс-шараға 9-10-11 сынып оқушылары қатысып ардагер ағаларға майдандағы қиыншылықтары ерлік іс әрекеттері туралы сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті. Ауған ардагер ағаларындай батыр Отан қорғаушысы болсын деп мектебіміздің 11-сынып оқушыларына әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігі табысталды.Кеш соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искаков Дәуір Набатович келген қонақтарға алхыс айтып сөз сөйлеп өз ризашылықтарын білдірді.

27.10.22 1

27.10.22 1

«Алғысым шексіз!».
1-наурыз Алғыс айту күні Қаhарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесі тойланды. Мектебімізде мерекеге орай "Алғыс тақтасы" ілініп, оқушылар өздерінің ұстаздарына, достарына деген алғыстарын қабырғаға жазу арқылы қалдырды. Осылайша, наурыз айының беташар күні мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алды.

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні, аналар, әйелдер қауымының атаулы мерекесі!

Осы мереке орай мектебімізде өткен "Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған..." атты оқушыларымыздың қатысуымен мерекелік концерті өтті. Сол концерттен естелік суреттер
Құрметті арулар, ұстаздар, аналар шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен! 

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

Класс жетекшілерге арналған
“Оқытудың әртүрлі әдістерін енгізу арқылы оқу мәдениетін дамытуда біртұтас тәрбиелік-білім беру компонентін құру” тақырыбында практикум семинар өтті. Семинар мақсаты:

Тәрбие сағаттарда қолдануға болатын әртүрлі әдістермен танысу.

Оқуды ынталандыру үшін ынтымақтастықты жақсарту стратегияларын әзірлеу

Педагог- психологтармен бірлесе семинарда: психологилялық тренингтермен қоса Write around әдісін, Құндылықтар сөздігін жасады

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

М.Құрманғалиева атындағы #32 мектеп- гимназия оқушылары Шахан Жолдасбаевпен кездесті. Шахан – өмірге деген ерік-жігерімен, қайсарлығымен үлгі-өнеге көрсететін батыр. Оны мүмкіндігі шектеулі жан деп айту мүмкін емес. Ол Германияда жүзуден мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен жарыстың қола жүлдегері. Оның әлеуметтік жобасы «Пандус Ок» - аймақтағы ең үздік жоба. Гимназия оқушыларымен бірге сұхбаттасып, өзінің спорт , қоғамдық жұмыстағы жетістіктерімен бөлісті. 

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

27.10.22 1

Отан деп соққан жүректер
Тыл ардагерімен кездесу
М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназия кітапхансында ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тыл ардагері, көп жылдар ұстаздық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз Дарибаев Өмірзақ Әльмұханбетұлымен кездесу кеші өткізілді. Ардагер тылдағы еңбектері туралы сол кездері өздерінің осы отырған 8 класс оқушыларындай 13-14 жастағы жасөспірім болғанын, соғысқа аттанған әкелерінің орнына колхоз жұмысын аналармен бірге атқарып еңбек жасағандарын әңгімеледі. Оқырмандар ардагерге ойларында жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Өмірзақ Әльмұханбетұлы оқушыларға ең бірінші ата-анаңды, екінші білім берген ұстаздарыңды, бір-біріңді сыйлаңдар, жас ұғымтал кездеріңде оқып, білім алып, елге адал қызмет атқарыңдар деп сөзін қорытындылады. Кездесуге қатысқан оқушылар ардагерге ризашылықтарын білдіріп «Құтты білік» кітабын сыйға тартты.
Шараны ұйымдастырған мектеп кітапханашылары
Аймурзина К.С.,Жекскенбай А.Б., 8в класс жетекшісі Елемисова С.А.

27.10.22 1

27.10.22 1

 «Көңілді қоңырау» , «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында оқушылардың үзіліс кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру уақытын ұйымдастыру мақсатында мектеп кітапханасындағы кітаптардан жәрмеңкесі ұйымдастырылды.