М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында оқушылардың патриоттық сезімін, тарихи ұлттық құндылықтарын дамыту мен мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу мақсатында гимназияда «Тәуелсіздік. Тұлға. Тарих» тақырыбында тарих пәні бірлестігінің апталығы өтті.

Алғашқы күні «Мың рет естігенше, бір рет көр...» тақырыбымен  кинокөрме ұйымдастырылды. Яғни отандық қазақ фильмі топтамаларынан Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» фильмінен көлеңкелі театрымен саундтрек көрсетіліп, оқушылар мен ұстаздар тамашалады. әрі қарай фильнің өзімен жалғасты. Келесі күні Ақтөбе облысының  өлкесінің этнолог-зерттеушісі Бекарыстан Мырзабай мырзамен «Өлкетанушының әңгімесі» атты кездесуі өтті. Кеште Арыстанбек мырзаның ұлағат әңгімесінен сыр шертіліп, қазақтың  Алаш зиялыларынын ақиқат тарихымен мектеп ұжымын сусындатты. Тарихы терең маңызды іс-шараға облысымыздың кітапханашылары мен өлкетанушының шәкірттері де қатысты. Гимназия музейіне тарихи тұлғамыз өз қолтаңбасын қалдырды.

Апталықтың соңғы күнінде гимназия оқушылары мен жас мамандар арасында «Жүзден жүйрік» зияткерлік сайысы өэ деңгейінде өтті. Сайыста үш топтық команда шығып өз білімдерін, біліктерін, шығармашылығын ортаға салып ең үздік «Жүзден жүйрік» оқушылар тобы жеңіске жетіп, марапатталды.

Сонымен қатар, тарих пәні мұғалімдері Ташимова А. Темирова Б. Наренова М. Снасапин Т,  Курбанова Г. 5-11 класс оқушыларына ашық сабақтар беріп іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тарих апталығында мұғалімдер белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабақтарын өткізді, әр өткізілген іс-шаралардың үзінділері гимназия инта парақшасына салынып отырды. Бұл апталықта оқушылар таным-білімдерін кеңейтіп, тарих пәніне деген қызығушылығы және ұлт құндылықтарына сүйіспеншілігі артты деп ойлаймыз.

25.02.22 11 25.02.22 11 25.02.22 11 25.02.22 11 25.02.22 11 25.02.22 11 25.02.22 11 25.02.22 11