М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияда 01.02-11.02 жұлдызы аралығында “Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өткізілді.
Декада аясында мектепшілік алғашқы «Гимназия үні» газеті жарық көрді. Тырнақ алды туындының алғашқы санына 1-4 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары мен ыстық лебіздері жарияланды.
Сондай-ақ онкүндік барысында «Жүрегі мейірімді – ана» көлеңкелі театры көрермен жүрегіңен орын алып рухани байытса, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты 5 сыныптар арасында тоғызқұмалақ ойыны жасөреннің бойына ұлттық құндылықтарды ұғындырып, жан-жақты ұшқыр қиялын дамытты.
Адамның адамға деген таза ниеті мен сүйіспеншілігін өзгелерге үнемі дәріптер мектеп-гимназия жастары декада кезінде «Жан жылуы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 4-5 сыныптар арасында «Өзіңе деген махаббат, өмірге деген махаббат» тақырыбында өткен психологиялық тренинг оқушы бойына мейірімділік пен татулық қасиетін қалыптастырса, «Руханилықтың мөлдір бұлағы» және «Алтын жүрек анамыз» атты сурет және мәнерлеп оқу байқауы, «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» тақырыбында ашық сабақтар жас ұрпақтың жүрегіне өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат секілді ізгі қасиеттерді сіңірді. «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы, «ҚР 30 жыл ішіндегі ең үлкен жетістігін көрсету» дебаттық пікірсайыс қатысушының патриоттық сезімін, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына деген сенімділігін қалыптастырды.
“Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы” декадасының негізгі мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның үйлесімді дамуымен ұштастырып, кемел тұлға тәрбиелеу.