"Сыңғырла қоңырау үні, Қош келдің, білім күні"
М.Құрманғалиева атындағы #32 мектеп- гимназиясында "Сыңғырла қоңырау үні, Қош келдің, білім күні" атты тақырыпта алғашқы қоңырау салтанатты мерекесі өтті. Биылғы оқу жылында мектеп-гимназия табалдырығынан #158 бүлдіршін аттады. #1-#11 " кластар арасында 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. #Сонымен қатар, М.Құрманғалиева атындағы #32мектеп-#гимназия ұжымы барша Қазақ елін бүгінгі жарқын да қуанышты мереке-#Білім күнімен құттықтай отыра, жаңа оқу жылына шығармашылық табыстар мен жаңа бастамаларға тек қана сəттіліктер тілейді.
«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
Бүгінгі күн - үлкен сый. “Орта білім беретін үздік ұйым” гранты М.Құрманғалиева атындағы 32 мектеп-гимназиясына бұйырды. Білікті басшымыз,мектеп-гимназия директоры Джамбулова Айжан Сматқызының және мектеп ұжымы мен гимназиямыздың дарынды оқушыларының арқасында білім ұясы үздік мектептер қатарында.
Байқау нәтижесінде 9000000 (тоғыз миллион)теңге көлеміндегі сыйақы берілді.
Әрқашан мектеп ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.Үздік үлгі ,өрелі өнеге беретін гимназия тұғыры әрқашан биік болсын