2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнын түсіндіру, жаңа оқу жылындағы тәрбие жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байданова Н.М. сынып жетекшілердің жиналысын өткізілді.
Жиын барысында оқушылардың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік сынды құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбиелік жұмыстардың негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ алдағы оқу жылында тәрбие процесін жетілдіру жолдары мен жаңартылған әдістемелер таныстырылды.
Бұл бастама жас ұрпақтың саналы, білімді әрі адал азамат болып қалыптасуына үлес қосатынына сенім мол.




