Біртұтас тәрбие бағдарламасының Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес кезекті сабағы өткізілді.
Мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

“Еңбегі адал жас өрен” жобасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасынң “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында оқушылар арасында “Адал азамат-адал еңбек” атты гимназиямыздың кіші қызметкерлерін еңбегін бағалау жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың, сыбайлас жемқорлықтың, алаяқтықтың алдын алу мақсатында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның 25 қазан Республика күніне арналған “Отаным бақыт ордасы” тақырыбында 8 “А” сынып оқушыларымен гимназия кітапханасында көрме ұйымдастырылды.
23-ші қазан күні гимназия қабырғасында “Жас талап” ұйымының ұйымдастыруымен өткен 6 сыныптар арасында “Жас әдебиетші” ғылыми жоба сайысы өтті.
Басты мақсаты: жоба қорғауға икемді Жас әдебиетшілерді іріктеу.
Сайыстың шарттары: ғылыми аппараттың толықтай сақталауы.
Яғни:
•Тақырыптың өзектілігі
•Мақсаттары
•Аннотация
•Зерттеу әдістері
•Дереккөздер
•Зерттеу кезеңдері мен қорытындысын қамтуы тиіс.
Сайысқа 8 оқушы, 4 команда қатысып, 3еуі тиісті орындарға ие болып, марапатталды.
I орын 6”В” сынып оқушылары Абатұлы Бірлік, Берикова Айару.
II орын 6”а”сынып оқушылары Айбек Азамат, Кәдірбек Ернұр.
III орын 6”Б” сынып оқушылары Мергалиева Азиза, Сауытбаева Құралай.
“Smart bala” жобасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Smart bala” жобасы негізінде гимназиямызда жұмыстар атқарылуда. 3D принтер болашақ инженерияда маңызды рөл атқарып, күрделі жобаларды жылдам әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқушылар 3D принтер технологиясын игеру арқылы, инновациялық жобаларды әзірлеп, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес қазан айының үшінші аптасында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Президенті сайлауы өткізілді. Сайлауға үш кандидат өз өтінішін білдірді. Үміткерлердің бағдарламаларынан тұратын бейнематериал мектептің әлеуметтік желісіне жарияланып, оқушылар мен ұстаздар арасында сайлау өткізілді.
“Қамқор” жобасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Қамқор” және “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында оқушылардың бойында адалдық қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, еңбекке баулу мақсатында таза бейсенбі өткізілді.
“Ұшқыр ой-алаңы” жобасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұшқыр ой-алаңы” жобасы аясында «Жас талап» ұйымының ұйымдастыруымен өткен 5-сыныптар арасында «Әдебиет әлемінде» зияткерлік сайысы өткен болатын. Мақсаты – оқушы бойынан ой ұшқырлығы мен білімпаздықты қатар байқап, әдебиет пәнінен үздік оқушыларды анықтау.
Сайыс кезеңдері:
1 кезең-«Жүйрік болсаң тауып көр».
2 кезең-«Кім шапшаң» кезеңі.
3 кезең- «Жаңылтпашты жаңылмай айт».
Сайысқа 5-сыныптар арасында 10 оқушы қатысып, оза шауып 3 турдың нәтижесінде жоғары ұпаймен алға шыққан оқушылар марапатталды.
І орын – 5 Г сынып оқушысы Бигали Айша
ІІ орын – 5 В сынып оқушысы Арман Аңсар
ІІІ орын 5 Б сынып оқушысы Әміржан Әл-Фараби марапатталды.
“Ұшқыр ой-алаңы” жобасы
Гимназиямызда Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұшқыр ой-алаңы” жобасы аясында «Жас талап» ұйымының ұйымдастыруымен өткен 6-сыныптар арасында «Әдебиет тарландары» интеллектуальды сайысы өткен болатын. Мақсаты – оқушы бойынан ой ұшқырлығы мен білімпаздықты қатар байқап, әдебиет пәнінен үздік оқушыларды анықтау.
Сайыс кезеңдері:
1 кезең-«Викторина».
2 кезең-«Алғыр болсаң тауып көр».
3 кезең- «Айтылым кезеңі».
Сайысқа 6-сыныптар арасында 10 оқушы қатысып, оза шауып 3 турдың нәтижесінде жоғары ұпаймен алға шыққан оқушылар марапатталды.
І орын – 6 Г сынып оқушысы Қанатжанқызы Дильяра
ІІ орын – 6 А сынып оқушысы Әбдірахман Нұрмұхаммед
ІІІ орын – 6 Б сынып оқушысы Мергалиева Азиза марапатталды.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен Оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Бұл турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен өздерінің дағдылары мен таланттарын көрсеткісі келетін жас пікірсайысшылар бақ сынасты.
Ақтөбе облысы атынан қазақ лигасы бойынша М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының “RITORIKA” фракциясы жүлделі III орынды иеленді! Топ мүшелері: Сәрсенбай Жұлдыз -11 “А” сынып оқушысы, Жұмағазин Аят - 9 “В” сынып оқушысы. Жеңімпаздар жүлделі орын дипломдарымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Ұшқыр ой алаңы жобасы»
5 қыркүйек Тілдер мерекесіне арналған “Қазақ тілі-мемлекеттің тұғырлы тірегі” атты мектепішілік апталық жоспарына және “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының “Ұшқыр ой алаңы” жобасына сәйкес 9 қыркүйек күні “Тарих кальмар ойындары” атты білім сайысы өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпаққа ана-тілінің қасиетін тереңінен ұғындырып, мемлекеттік тіл мәртебесіне құрметпен қарайтын, білімді де, білікті азамат тұлғасын қалыптастыру.
“Қамқор” жобасы
14.10.2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасының Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығы бойынша гимназия оқушыларының қатысуымен “Күзгі асар” жәрмеңкесі өткізілді.
Мектепішілік жәрмеңкегге оқушылар белсенді түрде қатысты.




