25.05.2024 жылы гимназиямызда “Жас түлек-2024-Жаңа Қазақстанның ертеңі” тақырыбында мектеп бітіруші түлектердің салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.