АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАҒАН ОҚУШЫ
🇰🇿Ақтөбелік түлек Айшат Сағынаева ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинады. Бұл – әзірге Ақтөбе облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш.
👩🏻💼Айшат Сағынаева – М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының оқушысы, 7-сыныптан бастап осы мектепте білім алады. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Үйінің кенжесі. Мектеп түлегі IT-маманы болуды армандайды.
📌Ақтөбе облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 8 342 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11-сыныпты 9 236 оқушы бітірді. Оның 489-ы “Алтын белгіге”, 681-і “Үздік аттестатқа” үміткер.