Ата-аналар жиналысы

2025-2026 оқу жылы

2025-2026 оқу жылының 9 қыркүйегінде "Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп" атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Тойшыманова М.К. ата-аналарға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту керектігін, бала тәрбиесіндегі үштік одақтың маңыздылығын, жаңа оқу жылындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ерекшеліктерін атады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байданова Н.М. "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктерімен, бағдарлама жұмыстары кезінде ата-аналармен бірлесе жасалатын жоба жұмыстарымен таныстырып өтті.