2024 жылы 12 наурыз күні М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназия «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г.М. Нургалиеваның «Применение Сингапурской технологии на уроках русского языка и литературы как средство развития критического мышления учащихся» шебер-класының 2 отырысы өтті. Шебер кластың басында «Әдістемелік кабинет»КММ әдіскері Бекниязова З.Б.сөз сөйледі.
Шебер кластың барысында Нургалиева Г.М. Сингапур технологиясының «Stir the class», « Corners», «Inside-Ouside Circle», «Take off-Touch Down» құрылымдарымен таныстырды.
Шебер кластың қатысушылары теориялық және практикалық жұмысты жоғары бағалап, ұсынылған материалдармен толық танысуға мүмкіндік алғанын айтты.