Мен 2022-2023 оқу жылында қайта аттестациялаудан өтіп, өз санатымды растаған болатынмын. Осыдан 5 жыл бұрынғы өткен біліктілігімді арттыру кезіндегіге қарағанда біршама артықшылықтарын байқадым. Соның ең басты артықшылығы: мұғалімді қағазбастылықтан арылтуға қадам жасалғанын айтқым келеді. Мұғалімнің электронды портфолиосында жеке деректер базасында жеке мәліметтер, Оқыту сапасының мониторингін, Тәжірибені бақылау, Білім алушылардың жетістіктерін, педагогтің жетістігін, үздік педагогикалық тәжірибелері жайлы мағлұматтар электронды түрде тіркеліп тұрғандықтан, аттестациядан өтушіге ыңғайлы деп сеніммен айта аламын.

Мен өзім әрбір жетістігімді уақытында платформаға тіркеп отырғанның арқасында, аттестация кезінде портфолио жинақтау кезеңінде еш қиналмадым. Сонда платформада педагогтердің материалдары жүйелі түрде қалыптасады . Педагог платформадағы жеке кабинеті арқылы өтінішті өз бетінше береді.

Енді биыл да педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесінің жобасымен танысып шықтым.

Жалпы алғанда, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру жүйесіне жаңғырту жасау үшін осындай жаңа өзгерістер енгізілгенін құптаймын. Мысалы, аттестаттауды тестілеу рәсімін жетілдіруге байланысты мәселе көтерілуде. Яғни педагогтердің тек пәндік білімін бағалау жоспарланып отырғаны қуантады.

Мұғалімнің әдістемені қаншалықты меңгергенін анықтау үшін жалпы мұғалімнің сабағы мен педагогикалық практикасын бағалау критерийлері жасалады, дегенді мақұлдаймын.

Білім беру саласына озық әдістерді енгізе алатын педагоготердің кәсіби деңгейін арттыру үшін аттестациялау ережесіне жаңартулар енгізудің жобасымен таныстым және қолдаймын.

Бастауыш сынып мұғалімі: Тоғымбаева А.Ә.

jyhhe.JPG