Бүгін М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиямызда “Сыңғырла, қоңырау үні, қош келдің білім күні!" атты тақырыпта алғашқы қоңырау салтанатты мерекесі өтті.
Мереке қонағы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басшысы Юнисова Алтынай Юнисқызы барша оқушыларға сәттілік тілеп,оқуда алда болыңдар деген тілегін білдірсе,қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі,белгілі ақын Ертай Ахатұлы Ашықбаев ағамыз 1- класс бүлдіршіндеріне ақ батасын берді.
1-11 кластар арасында 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары
өткізілді. Сонымен қатар, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия ұжымы барша
Қазақ елін бүгінгі жарқын да қуанышты мереке-Білім күнімен құттықтай отыра, жаңа оқу жылына шығармашылық табыстар мен жаңа бастамаларға
тек қана сәттіліктер тілейді.