“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда республикалық челленджі қолдау мақсатында аналардың құрметіне ән шырқалды.
Адам баласы үшін ананың орны қашан да биік. Жұмақ - ананың табанының астында деген сөздің мәні аяулы жанның қадірін ерекше асқақтатып тұрғандай. Бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға жүрекжарды лебізімізді күн сайын білдірсек те артық етпейді. Ал көктем мерекесіне арналған ең әсерлі тілектер әрбір ананы қуантатыны сөзсіз.
Аяулы аналар, сіздерді көктемнің 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймыз! Мереке күні адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейміз! Асқаралы атақ пен берекелі беделіңіз болсын, аналар!