Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайды. Үндеуде еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында болып жатқан су тасқыны мәселесі, бүкіл еліміз үшін де маңызды болып отырғанын айтты. Тосыннан пайда болған табиғаттың тылсым апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Мемлекет басшысы мен Үкімет барлық шараларды қабылдауда. Сонымен қатар, Президент аталған қиыншылық кезеңде халықты сабырлы болуға шақырып, бірлік пен түсінушіліктің арқасында жеңіп шығатынымызды тағы бір еске салды. Қандай жағдай болмасын “Кемедегінің жаны бір” екенін ұмытпауымыз керек. Аталған мәселемен күресіп жатқан төтенше жағдай қызметкерлері мен ерікті халықтың еңбегі қазіргі жағдайда ұшан теңіз екенін біліп, оларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Қандай қиындықтар болсада, біз бірге жеңеміз!

Құрметті ұстаздар! Бізде бекерге қарап отырмай, өз тарапымыздан еріктілер жасағын құрып, қарттар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шақырамын. “Бірлік болмай, тірлік болмайтынын” атам қазақ баяғыда айтып кетті емес пе? Сондықтан жас, еңселі мемлекетіміздің баяндылығы үшін, бір болайық!

Біз біргеміз, берік болсын іргеміз!

Құрметпен, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Барышева Л.Ж.