"Ұстазын ұлықтаған елдің келешегі кемел",- деп бекер айтылмаған.

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Осындай өнегелі сөзді ескерген Ақтөбе қаласының әкімі, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия түлегі Бекет Азамат Бауыржанұлы ат басын киелі білім ордасына тіреді. Азамат Бауыржанұлы Айжан Сматовна бастаған №32 гимназия ұжымын және өзіне білім берген ұстаздарын Төл мерекелерімен құттықтады. Азамат Бауыржанұлы құттықтау барысында ұстаздарға зор денсаулық, еліміздің ертеңі ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.