Көктемгі су тасқыны кезеңі елімізге,оның ішінде Ақтөбе өңіріне оңайға соғып жатқан жоқ.
Облыс басшысы Асхат Шахаров төрағалық ететін су тасқынына қарсы жедел штабтың жұмысы қызу.
Әрбір қызмет 24/7 күшейтілген тәртібімен білек сыбана іске кіріскен.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері, құтқарушылар, ұшқыштар, медицина қызметкерлері, облысымыздың жанашыр азаматтары, жастар аяқтарынан тұрып, тасқынға тосқын болып, тәулік бойы қызмет етуде.