Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Ақтөбе қаласына іс-сапары барысында арнайы әлемге әйгілі, дүлдүл әнші Димаш Құдайбергеннің білім алған алтын ұясы М.Құрманғалиева атындағы №32гимназиямызға ат басын бұрды. Киелі білім ордасындағы қадамы Димаш оқыған кабинетті көрумен басталып, оқушыларымыздың өнерін тамашалаумен жалғасты. Жүздесу барысында Ғани Бектайұлы Димашқа білім берген, оқытқан ұстаздарға алғысын білдіріп, оқушыларға ақ батасын беріп, еліміздің жарқын болашағы туралы сұқбаттасты.
Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша Ғани Бектайұлынан оқушыларымыз қонақ кәде сұрап, ұлы Абайдың әнін қонағымызбен қосыла шырқап,жақсы жүздесудің сәні кірді.