Баршаңызды 14 наурыз- “Көрісу күні – Амал мерекесімен” құттықтаймыз! Бүгін Амал мерекесіне орай гимназиямызға көршілес мектептер Ақтөбе қаласының №9 орта мектеп-гимназиясы, Халел Досмұхамедұлы атындағы №35 орта мектебі және 37 орта мектебі қонақ болып, жайылған ақ дастарханнан дәм татты, күй ойнатылып, ән шырқап би биледі. Мереке жалғасын тауып №9 орта мектеп-гимназиясына қонақ болып бардық. Бұл-нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы. Жаңа жыл молшылық пен жақсылықтың жаршысы болып, әр шаңырақта бақ-береке,ырыс-ынтымақ орнасын. Бұл қадірлі күнде аразды жандар татуласып, ағайын-туыстың бауырмалдылығы арта берсін!