060420232

М. Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияда 2023 жылдың 10 ақпан күні «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың зерттеушілік-ізденушілік дағдыларын дамыту» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімдері Абенова Айгуль Сейтжановна мен Корганбаева Индира Адасхановна №2 педагогикалық шебер-класс өткізді.


Мақсаты: Ағылшын тілі сабақтарында зерттеуге негізделген оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік-ізденушілік қабілетін дамыту. Зерттеушілік-ізденушілік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімдерге бағыт-бағдар беру.
Қатысқан педагогтерді ағылшын тілі пәні мұғалімдері Абенова А.С. мен Корганбаева И. А. оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін дамытуға арналған тиімді әдістермен таныстырып, оқушылардың зерттеушілік-ізденушілік дағдыларын дамытуда тиімді стратегиялармен жұмыс жасау жолдарын үйретті. Келген ұстаздарға цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерімен , “Flipped classroom” «SeeSaw», «Wordwall», Random Group generator атты платформалармен жұмыс жасау жолдарын көрсетті. «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Темирханова Р.К. түрлі тиімді әдіс-тәсілдер және платформаларды білу сабақта оқуға деген ынтасын арттыратынын, оқушылардың шығармашылық қиялын, ізденушілік қабілеттерін дамытатынын атап өтті. Жас ұстаздар алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.

060420233