М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті №4 сабақтары өткізілді.

1-4 сынып ата-аналары үшін “Баланы жастан....Баланың білімдарлығы мен ептілігін қалай дамытамыз?” тақырыбында,

5-9 сынып ата-аналары үшін “Бұлақ көрсең, көзін аш. Шығармашыл тұлғаны өсіру” тақырыбында,

10-11 сынып ата-аналары үшін “Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы. Жоғары сынып оқушыларының қауіп-қатер аймақтары” тақырыбында ZOOM- платформасында ата-аналармен арнайы сабақтар және сұрақ-жауап, тренингтер жасалынды.