Әзілхан Нұршайықов
“Махаббат, қызық мол жылдар”
Қоюшы: Жастар театр ұжымы.
Идея авторы: Мусина Г.Қ.
Қоюшы режиссер: Бекетова К.Қ.
Қараша айының 5 жұлдызында М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының жас ұстаздарының қатысуымен “Махаббат, қызық мол жылдар” атты драмасы өтті. Өз көрерменін қазақ әдебиетіндегі таңдамалы туындылардың бірімен қуантты.
Махаббат қызық мол жылдар... Атауының өзінен ішің жылып қоя беретін сол бір шығарма... Мәніне үңілсең, Кеңес үкіметін мадақтау, соғыс жылдарындағы халық тағдырын бейнелеу, талай боздақтың қанын арқалаған қырғын кезіндегі ғашықтар мен адамдар психологиясы. Бірақ, шығарманы өміршең етіп тұрған – махаббат жыры. Туындының әр оқырманында өз «Махаббат қызық мол жылдары» бар. Көз алдына елестетіп, қиялы арқылы қалыптасқан Ерболы мен Меңтайы, Танасы мен Заманы, Майрасы мен Зәйкүлі бар. Көпшілікті асыға күттірген қойылымның жаңа маусымдағы алғашқы көрсетіліміне куә болуға біз де асықтық.