Ақтөбе қаласы М. Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияның 2021-2022 оқу жылында   14.02-18.02.2022 ж.  аралығында өткен «ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС»  атты  бастауыш сынып бірлестігінің арасында апталық жоспарланып өтті.
Апталықтың мақсаты:
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИНОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ. ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫРА ОТЫРЫП, ӨЗ БЕТІНШЕ ДАМУ ДАҒДЫСЫН МЕҢГЕРТУ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ЖАН – ЖАҚТЫ ДАМЫТУ.

Апталықта ашық сабақтармен қатар сыныптан тыс шаралар да жоспарланып өткізілді.

Сыныптан тыс шара


р\с

тақырыбы

жауаптылар

класы

Уақыты

1

"Мұқағали - мәңгілік ғұмыр"әдеби кеш

Бекбергенова Ж Қ
Серік Несібелі

4-сыныптар

14.02.2022ж
Мәжіліс залы

2

«Қызық екен»
интеллектуалды сайыс

Тусибекова Л
Орынбай М

2-сыныптар

15.02.2022ж
Мәжіліс залы

3

«ХХI ғасыр көшбасшысы»

Исмурза Г
Молжігітова А

3-сыныптар

16.02.2022ж
Мәжіліс залы

4

Ертегілер әлемінде
«Сәулетті үй»

Утепбергенова Д
Қаратаева М

1-сыныптар

17.02.2022ж
Мәжіліс залы

5

«Қасыңда жүр жақсы адам»
Дара жол

Балымова К Б
Барышева Л Ж

Бастауыш бірлестігі

18.02.2022ж
Мәжіліс залы

1-сыныптар арасында "Сәулетті үй”атты ертегі қойылымы көрсетілді.Ертегі тәрбиелік мәні оқушыларға сабақ болды. Оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.Кеш өте әсерлі,көңілді өтті.Кеште өнер көрсеткен өнерпаздарға алғысымызды білдіреміз!
2-сыныптар арасында "Қызық екен" интеллектуалдық сайыс барысында.Сайыста оқушы деңгйіне байланысты түрлі, қызықты сұрақтар қойылды.Оқушылар өз білімдерін ортаға салып топпен жұмыс жасай білді.
Жеңіске жеткен "Болашақ" тобын жеңістерімен құттықтаймыз.
3-сыныптар арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыста оқушылардың шапшаңдығы,білімі сынға түсті.Сайыс барысында әр оқушы өз білімін ортаға салды,тест,минутқа сұрақ-жауап сайыстарынан сынға түсті. «Егер мен президент болсам..», «Интернеттің пайдасы мен зияны», «менің сиқырлы таяғым болса..»секілді тақырыптарда эссе қорғады.
Жеңіске жеткен  3"Б" сынып оқушысы Сугурбаева Перизатты жеңісімен құттықтаймыз
4-сыныптар арасында "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты әдеби кеш өтті.Кеште М .Мақатаевтың өмірбаяны,шығармалары оқылды,Әндері айтылды.Сонымен қатар «Аққулар ұйықтағанда» атты қойылымы қойылып,оқушылар көп нәрсені үйренді.
М.Құрманғалиева атындағы мектеп-гимназияда "Үлкендер жолы - ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында ҒАЛЫМ-ҰСТАЗ Айболған Кенжеғұлқызымен бастауыш сынып бірлестігі және жас ұстаздар арасында кездесу өтті. Кездесу барысында Айболған Кенжеғұлқызының балалық шағына,студенттік өміріне,ұстаздық жолынан кемелденген ғұмырына дейінгі аралыққа саяхат жасалды.Ұлы ұстаз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

28.02.22 03 28.02.22 03 28.02.22 03 28.02.22 03