М.Құрманғалиева атындағы № 32 мектеп-гимназиясында қазанның 16-күні

"Сабақта мақсатқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері" атты коучинг өткізілді.

Коучингті ұйымдастырушылар: Директордың ғылыми - әдістемелік жөніндегі орынбасары Мусина Гүлшара Құралқызы; биология пәнінің мұғалімі Утарова Жанат Жақияқызы; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Табынбаева Замира Мұхамбетқалиқызы.

Коучинг мақсаты: Жас мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдану және тәжірибе алмасу.

Міндеттері:

- Коучинг қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету;

- Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі;

- Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;

- Оқу материалдарын тиімді меңгерту;

Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдермен жұмыс жүргізілді.

- "Есімдер құпиясы" жаттығуы.

- "Көңілді есімдер" ойыны.

- Мен қандаймын?

- Топтық жұмысты ұйымдастыру;

- Тиімді жоспарлау;

- Сабаққа "SMART” мақсат қою;

- "Джигсо" әдісі;

- "DEAL” әдісі;

- "Табыс көліктері " әдісі.

- Сергіту сәті.ВЕЕР .Кілт сөздер.

- Кері байланыс;

- Рефлексия;

Коучинг өте нәтижелі болып, жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Қатысушылар А4 парақшаға алған әсерлері мен сезімдерімен бөлісті. Коучинг материалдары өзекті, заманауи, оқыту жағдайында практикалық бағытқа ие.

28.02.22 31 28.02.22 31 28.02.22 31 28.02.22 31 28.02.22 31 28.02.22 31