М.Құрманғалиева атындағы №32гимназияда облыстық тәжірибелік орталықпен бірлескен Академик-ғалым Р.Сыздықованың 100 жылдығына арналған “Сөз сазы және стилистика” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Рабиға апамыздың батасын алып, сұхбаттасқан, еңбектерін насихаттаушы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының канидаты М.О.Миров, Н.Аитова секілді ғалымдар қатысып, абыз ананың тіл білімі саласындағы еңбектері туралы естеліктер айтып, ұлт тілінің болашағы туралы пікірлер ортаға салынды.