Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназияда ағылшын тілі пәні мұғалімі Кумекбаева Лира Бисембиевнаның жетекшілігімен «Оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту» атты шебер-класс отырысы өтті.
Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың әдіскері А.А.Аскербекова мұғалімдер арасындағы озық тәжірибелермен бөлісіп, кәсіби дамудың маңыздылығы туралы айтып кетті. Шебер класс барысында ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер, сонымен қатар цифрлық құралдарды қолдану көрсетілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе шебер-классқа қатысқан мұғалімдер өздеріне көптеген жаңаша ақпараттар мен ресурстарды алып, оларды өздерінің іс-тәжірибелерінің жинағына қосып, сабақтарында пайдаланатындықтарын айтты.