Қарашаның 3-күні М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясында күзгі демалыс кезінде дәстүрлі қолөнерге деген қызығушылық пен шеберлікті дамыту мақсатында үш ұрпақты біріктіре отырып (әже, ана, қызбала) ұмыт болып бара жатырған қолөнерді жаңартып, жаңғырту, қыз балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін «Ұлттық қолөнердің жаңғыруы-жанұядан» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараны өткізген көркем еңбек пәні мұғалімі – Бралова Гульшат Оразгалиевна.
Мақсаты: Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылуы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білуге баулу.
Шара барысында қыз балалар өздері дайындаған жұмыстары қолөнер көрмесіне қойылды. Жұмыс соңында оқушылар көздеген мақсаттарына жетіп, ары қарай қолөнердің мақсатты жалғасуына жол ашты. Осындай жұмыстарға мұрындық болып, шеберлік сағатының өтіуіне «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Қосымбаева Меткүл Ораққызы келіп қатысып, куә болды.