29 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының М.Құрманғалиева атындағы № 32 гимназияның базасында “ Логикалық және комбинаторлық есептерді шешу “ тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: математика пәні бойынша логикалық және комбинаторлық есептерді шешу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар соңында «Өрлеу» БАҰО филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы п.ғ.м К.Ж.Рахатова қорытындылап, өз іс – тәжірибесімен бөліскен педагогтерді Алғыс хатпен марапаттады.