2021 жылдың 11 желтоқсан күні Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталыңының жоспарына сәйкес  М.Құрманғалиева атындағы №32 орта мектеп-гимназияда химия пәні мұғалімі  Г.Жалашеваның «Химия пәнін басқа пәндермен интеграциялау арқылы ғылыми-жаратылыстану сауаттылығымен, танымдық біліктіліктерін дамыту әдістері» тақырыбында шығармашылық шеберхана семинар өтті.

Мақсаты: Химия пәнін жаратылыстану және қоғамдық әлеуметтік ғылымдар саласымен сабақтастырып, әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында интеграциялық білім беру арқылы оқушының ақпараттық, когнитивті және коммуникативтік құхыреттілігін қалыптастыру

Аталған шеберханаға облыс мектептерінен мүше болған химия пәні мұғалімдері қатысты. Г.Жалашева химия сабағын өзін-өзінтану пәнімен интеграцияланған сабақтардың құрылымымен таныстырды. Сабақтарды өткізуде Mind Master бағдарламасы және «АТӨТ» әдісінің тиімділігі мен маңызы туралы түсінік бере отырып, осы әдісті пысықтау мақсатында мұғалімдермен топтық жұмыс жүргізді. Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе шеберханаға қатысқан химия пәні мұғалімдері өздеріне көптеген жаңаша ақпараттар мен ресурстарды алып, оларды өздерінің іс-тәжірибелерінің жинағына қосып, сабақтарында пайдаланатындықтарын айтты.

25.02.22 21 25.02.22 21 25.02.22 21 25.02.22 21 25.02.22 21 25.02.22 21 25.02.22 21 25.02.22 21