М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп- гимназияда "Дарынды балаларға- талантты ұстаз" атты мектепішілік педагогикалық олимпиада өтті.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:
- педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін арттыру;
- жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру;
- жас педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру;
- эксперименттік және инновациялық жұмыста кәсіби батылдық пен дербестікті дамыту;
- жас мамандардың педагогикалық қызметін талдау және өзін-өзі жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін және белсенді кәсіби позициясын дамыту үшін жағдай жасау
- жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында кәсіби қарым-қатынас, өзін-өзі көрсету және әріптестерін қолдау үшін мүмкіндік жасау.
Педолимпиадаға қатысушылары:
1. Әбден Гүлдана- өзін-өзі тану пәні мұғалімі
2. Жайықбай Гүлдана- География пәні мұғалімі
3. Алдамжарова Айдана- физика пәні мұғалімі
4. Өскербай Зарина- ағылшын тілі пәні мұғалімі
5. Орынбай Маржан- бастауыш пәні мұғалімі
6. Шапайдулина Аида- бастауыш пәні мұғалімі
7. Абатқызы Кәусар- бастауыш пәні мұғалімі
8. Балғабаева Орынгүл- қазақ тілі пәні мұғалімі
9. Ерғалиева Айбану- ағылшын тілі пәні мұғалімі
Олимпиаданың кезеңдері:
1 кезең- Педагогикалық дебют
2 кезең-Педагогикалық шығармашылық қоймасы
3 кезең- Портфолио
Шара барысында жас мамандар белсенділік танытып, шығармашылық қоржындарымен таныстырды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша:
Бас Жүлде- Ерғалиева Айбану- ағылшын тілі пәні мұғалімі
1 орын- Балғабаева Орынгүл- қазақ тілі пәні мұғалімі
2 орын- Әбден Гүлдана- өзін-өзі тану пәні мұғалімі
3 орын - Абатқызы Кәусар- бастауыш пәні мұғалімі иеленіп, бағалы сыйлықтар табысталды.
Педагогикалық олимпиада жеңімпазы Ерғалиева Айбану қалалық кезеңге жолдама алды.