2023 жылы 8 қараша күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылкыбаевна «Бастауыш білім беру жүйесінде STEАM технологиясын қолдану» тақырыбындағы облыстық № 1 шеберхана өткізілді.

Шебер класс отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, ф.ғ. магистрі Жубаева Светлана Онаевнаның кіріспе сөзімен басталды. Шебер кластың мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімінің STEАM технологиясына негізделген білім беруде функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар жүйесін құрастыруда бағыт-бағдар беру.

Психологиялық орта құрып алу үшін, Айна Жылкыбаевна , «Менің портретім» деген тренингтен бастады.Тренинг бір-бірімен танысу мақсатында алынған. Шеберхана жұмысының барысында «STEM –білім берудің жаңа тренді» атты жаратылыстану бағытында математикалық білімді 3D модельдеу бойынша тапсырмаларды практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу және жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруда ресурстарды ұтымды пайдалану,сабақта қалай қолдану керек және жұмыс барысында қандай нәтиже береді деген сұрақтарға қатысушылар толық жауап алды.Шеберхана қатысушыларына математика мен көркем еңбек сабақтарын біріктіре отырып «Пирамида» құрастыру, «Геометриялық кілем»атты жұмыстар ұсынылды.

Қорытынды бөлімінде қатысушылармен «Ұялы телефон»әдісі арқылы кері байланыс жасалды. Отырыс соңында шеберхана қатысушылары жылы лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.