Гимназиямызда “Дін-тәрбие діңгегі” атты дін өкілдерімен кездесу өткізілді. Қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдардың таралуы жайында, көзсіз көбелектей түрлі экстремистік ұйымның жетегінде кетуінің бірнеше факторы бар екені туралы, мысалы: әлеуметтік желілердің кері әсері, жастарымыздың өз тарихын, салт дәстүрін толық білмеуі және діни сауатсыздық деп атап өтті. Жиында “Аңсар” ақпараттық орталығының маманы білім алушыларға дін жолы мен оның қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беріп, елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтып өтті. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын-алуға байланысты қалалық №3 емхананың акушер-гинеколог маманы Кулгазиева Роза Каировна гимназиямыздың 11-сынып жасөспірім қыздарымен “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізді. Айтылған шара шеңберінде жасөспірім кезіндегі жүктіліктің статистикасы және жүктіліктің жетіліп келе жатқан ағзаға теріс әсері, қыздарды болуы мүмкін қателіктерден сақтандыру сұрақтары қамтылды. Мәселемен күресудің ең жақсы жолы оның алдын-алу. Профилактикалық түсіндірме жұмысы барысында жасөспірімдер өз сұрақтарына жауап ала алды.
Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназияда қалалық СЭС баскармасының бас маманы Бисембина Нурзия Ғасырбекқызы, иммунолог ГП 3 Тулегенова Р.А, эпидемиолог ГП 3 Байдуллаев А.А, акушер гинеколог ГП3 Аяжан Жайнасынқызы келіп, 2013 жылы туылған қыз балалардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🟢Қаралған негізгі мәселелер АПВ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстарының маңыздылығы.
🟢Бүгінгі таңда, АПВ емдеу жолы болмаса да, алдын-алудың бірден бір әдісі-бұл вакцинация. Адам попиломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді.
03.09.2024 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе облысы Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының өкілдері келіп білім алушыларымызға жол қауіпсіздік белгілері, жол ережелерін түсіндіру мақсатында практикалық түсіндірме сабақтарын өткізді.
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
-
Click to open image!
Click to open image!
https://mektep32aktobe.edu.kz/ru/t-rbie-zh-mysy/ldyn-lu-sh-r-l-ry#sigProId1dd798f5bf




