Бүгін мектеп-гимназиямыда 2022-2023 оқу жылындағы ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ I ОТЫРЫСЫ

Бүгін мектеп-гимназиямыда 2022-2023 оқу жылындағы ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ I ОТЫРЫСЫ
Күн тәртәбінде төмендегі мәcелелер қарастырылды
- Қамқошылық кеңестің нормативтік – құқықтық құжаттарымен танысу;
- Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2022-2023 оқу жылына міндеттерін бекіту;
- Қамқоршылық кеңестің 2022-2023 жылға арналған жұмыс жоспарын құру, бекітуге ұсыну.
- Қамқоршылық кеңестің жаңа мүшелерімен танысу
- Оқулықтармен қамтылуына бақылау жүргізу.
- Жеңілдетілген санатқа енгізілмей қалған, бірақ көмекке мұқтаж отбасының балалары туралы мәлімет
- Құжат тапсырған отбасылардың жағдайын ескере отырып, жеңілдетілген санаттағы оқушылар қатарына енгізуге ұсыну.
№32 МГ
“Ақтөбе облысының Құрметті ұстазы”
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, сапалы білім беруде шығармашылық ізденіспен, қоғамдық белсенділігімен жұмыс жасап жүрген № 32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Раева Айна Жылкыбаевна “Ақтөбе облысының Құрметті ұстазы” құрметті атағымен марапатталғандығын растау үшін куәлік иеленді. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табысыңыз әрқашан арта берсін.
Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі
Ақтөбе облысының білім беру саласындағы тынымсыз шығармашылық еңбегі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қол жеткізген табыстары үшін № 32 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кумекбаева Лира Бисембиевна Құрмет грамотасымен марапатталды. Мыңдаған шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәрбие тағылымын дарытқан ұстазымызды кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі
Білім беру мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі және іске асырудағы елеулі табыстары үшін, оқушыларды даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділігін арттырудағы еңбектері үшін қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық білім бағдарламалары мен жобаларындағы жеткен жетістіктері үшін М.Құрманғалиева атындағы #32мектеп_гимназиясының үздік ұстазы Бекетова Күлай Қарабасқызы ҚР білім және ғылым министрі А.Қ.Айтмағанбетовтың арнайы қабылдауында болып
"Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды.
М.Құрманғалиева атындағы № 32 мектеп-гимназиясына жаңа оқу жылы қарсаңында
М.Құрманғалиева атындағы № 32 мектеп-гимназиясына жаңа оқу жылы қарсаңында, “Мектепке жол” Республикалық акциясы аясында № 3 қалалық емхананың басшылығы мектеп оқушылары мен ата-аналарына қолдау көрсетуге шешім қабылдап, аз қамтылған отбасы балаларына 300,0 мың теңге (15сертификат) сыйлық сертификаттарын табыстады.