М.Құрманғалиева атындағы № 32 мектеп-гимназиясында 17 ақпан күні “Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастыру тиімділігі” тақырыбында шебер - класс өтті.
Іс-шарамызға қала мектептерінен жас мамандар келіп қатысты.Шара барысында тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіліп,іс-тәжірибемен алмасты. “Quizizz.com”, “Random group Generator”, “Ward wall”, “Zip grade” программалары арқылы топпен тапсырмалар орындады. «Қазақ әдебиеті» пәнінен А/И бөлімшесіндегі “Шығармашылық жұмыс» оқу мақсаттарын іске асыруға бағытталған сабақтарға қолдануға “ Фанфик”(Фанфикшн, Фанаттың әңгімесі) шығармашылық жанры түсіндірілді. Шебер-класс өте қызықты, әртүрлі әдістерді қолдана отырып өтті.Педагогикалық шебер-класс жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, педагог-зерттеуші Калауова Г.Н. Мукашева Г.Н.