Фото человека
Джамбулова Айжан Сматовна

М.Құрманғалиева атындағы 32 гимназиямызда сонау ызғарлы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өр рухты ұстазымыз - Омарова Ботакөз Рысбайқызы қызмет етіп келеді. Өзінің жастық жалынын еліміздің тәуелсіздік,азаттық жолында аямаған қайсар ұстазымыздың ерлігі-бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.

Ботакөз Рысбайқызының өскелең ұрпаққа айтар өсиеті мен берер тәрбиесі мол деп білеміз. Желтоқсанда елдік,егемендік үшін күрескен ерен еңбегін әрқашан жадымызда сақтап, ардақтай білу біздің парызымыз деп есептейміз.