Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында 17.05.2024ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Н.Искаков , дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері С.Кетебаев, Н.Куптлеуов, Е.Сыдықоа және түнгі рейд іс-шарасын ұйымдастырды. Мақсаты-жеткіншектер арасында жиі орын алатын қылмыс пен заң бұзушылықтың алдын алу,кездесетін қиындықтарды дұрыс шешуге тәрбиелеу. Рейд кезінде кәмелет жасына толмаған оқушылардың кешкі уақытта көшеде жүру ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд кезінде құқықбұзушылық фактілері тіркелген жоқ.