Фото человека
Джамбулова Айжан Сматовна

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАҒАН ОҚУШЫ

🇰🇿Ақтөбелік түлек Айшат Сағынаева ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинады. Бұл – әзірге Ақтөбе облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш.

👩🏻‍💼Айшат Сағынаева – М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназиясының оқушысы, 7-сыныптан бастап осы мектепте білім алады. «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Үйінің кенжесі. Мектеп түлегі IT-маманы болуды армандайды.

📌Ақтөбе облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 8 342 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11-сыныпты 9 236 оқушы бітірді. Оның 489-ы “Алтын белгіге”, 681-і “Үздік аттестатқа” үміткер.

5287778501941911058.jpg5287778501941911059.jpg5287778501941911060.jpg   5287778501941911061.jpg

Снимок_экрана_2024-08-01_133922.png